Жұма, 03 мамыр, 07:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Жаңа қаржы министрі бюджетті игермеген бірқатар министрлікті атады

13.02.2024

262 0

Бірқатар қазақстандық министрлік 20 млрд теңгені игере алмаған. Бүгін үкімет отырысында қаржы министрі Мәди Такиев премьер-министрге осылай деп баяндады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Үкімет отырысында қаржы министрлігінің жаңа басшысы биыл қаңтар айында мемлекеттік бюджет шығыны 96,9%, республикалық бюджет 97,8%, жергілікті бюджет 94,5% атқарылғанын хабарлады. 

“Республикалық бюджет бойынша 1,5 триллион теңге шығын шықты. 33 миллиард теңге тиісті жеріне жетпеді, оның 13 миллиарды үнемделген болса, 20 миллиард теңге игерілген жоқ. Әсіресе мәдениет және ақпарат, экология және табиғат ресурстар, ішкі істер, қорғаныс министрліктерінде иегрілмеген ақша көбірек”, – деді ведомство басшысы. 

Такиев игерілмеудің басты себебі мемлекеттік сатып алу бойынша байқаулардың өтпеуі, байқау барысы, келісімшарт жасаудың ұзаққа созылуы екенін айтты. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: