Сенбі, 20 сәуiр, 21:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Қазақстан чемпионатының ең қымбат футболшылары кімдер?

13.12.2020

609 0

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының ең қымбат футболшыларының рейтингі жаңарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Transfermarkt сайтына сілтеме жасап.

Спорт порталының дерегіне сүйенсек, Алматының «Қайрат» командасында ойнайтын польшалық Яцек Гуральски ел чемпионатының ең қымбат футболшысы атанды. Оның трансфердегі бағасы – 2,5 миллион еуро.

Екінші орында трансферлік құны 2,2 миллион еуро болатын «Қайраттың» тағы бір футболшысы Раде Дугалич тұр. Дугалич биыл чемпионаттың үздік ойыншылары қатарына енген болатын. Қымбат футболшылардың үштігін алматылықтардың тағы бір қорғаушысы Дино Миканович түйіндеді. Оның трансфердегі бағасы – 2 миллион еуро.

Қазақстандық футболшылардың арасында «Қайрат» пен «Тобыл» командаларында ойнайтын қорғаушылар Нұралы Әліп пен Темірлан Ерланов та құны қымбат спортшылардың қатарында. Сондай-ақ, Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетовтің трансфердегі бағасы 1,5 млн еуроға дейін өсті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: