Сенбі, 20 сәуiр, 05:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Тәжірибесі мол тәлімгер

13.10.2021

1062 0

Қылмыстық-атқару саласындағы қолдауға лайық істердің бірі- тәлімгерлік. Тәлімгерлік жоғары оқу орнын жаңа бітіріп келген жас мамандар үшін аса қажет тәрбие. Өзінің ізін басып келе жатқан жастардан тәлімді тәрбиесін аямай жүрген тәжірибелі қызметкердің бірі-әділет майоры Әзімхан Рахманов. ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесінде бақылаушы болып бастаған Әзімхан Рахманов 19 жылдан аса уақыт ішінде әр түрлі жауапты лауазымдарда абыройлы қызмет етіп,бүгінде қылмыстық-атқару саласының сан қырын жас мамандарға үйретіп, қаншама жас маманның қазір білікті басшы болып қалыптасуына үлес қосып келе жатқан тәжірибелі тәлімгер. Ол өз қамқорлығына алған әрбір жас маманның жігерлі, іскерлік және моральдық-адамгершілік қасиеттеріне, олардың жұмысқа, ұжымға деген қарым-қатынасына, тұрмыстық жағдайына, оның бойындағы бейімділік пен талантына баса назар аударады. 20 жылға жуық 17жас маманға тәлім- тәрбие беріп, ҚАЖ саласының қыр – сырын меңгерткен өз саласының бесаспап маманы. Бүгінде оның тәрбиелеген ізбасарлары: Қанат Дайрабаев, Абай Битаев мекемелерде басшылық қызметте болса,С,Айғара, А.Тоғатай, А.Мәмбетов білікті қызметкерлер.

Тәжірбиелі қызметкер Ә.Рахмановтың айтуынша өзіне бекітілген жас маманға Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінен бастап, ҚР Қылмыстық кодексі, Қылмыстық-атқару кодексі, ҚР ІІМ-нің бұйрықтарын, ҚАЖ комитетінің нұсқауларын түсіндіріп, үйретеді. Сонымен қоса қылмыс жасап, сол қылмыстары үшін жазасын өтейтін сотталғандардың алдында сөйлеу мәнері, сотталғандарды қабылдауда қоса назар аударатын жайттарды да түсіндіреді. Тәжірбиелі тәлімгерге тағы да жас маман бекітілген. Қазір ол жас қызметкер Қуандық Сержанға сотталғандардың дактиласкопиялық карталарын, ақпараттық іздестіру құжаттарын рәсімдеу жұмыстарын үйретуде. Тәжірибелі тәлімгер жас маман Қуандық Сержанның тиянақты жұмысына дән риза.

Әділет майоры Әзімхан Рахмановты әріптестерінің арасында абыройы биік, мерейі үстем тәжірибелі тәлімгер десе артық айтқандық емес.

Дана Достанова

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: