Қазақстан мектептерінде төртінші тоқсан 25 мамырда аяқталады. Оқу жылының аяқталуына санаулы күндер қалғандықтан, мектептерде бөлімдік және тоқсандық жиынтық бағалау өтіп, қорытынды аттестаттауға дайындық басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқу-ағарту министрінің бұйрығына сәйкес, 9-сынып оқушыларының қорытынды емтихандары 29 мамыр – 11 маусым аралығында, ал 11 (12)-сынып түлектерінің мемлекеттік емтихандары 2-15 маусым күндері өтеді.
9-сынып оқушылары мына пәндерден емтихан тапсырады:
– 29 мамыр – математикадан (алгебра) жазбаша емтихан;
– 3 маусым – таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан;
– 8 маусым – қазақ тілі немесе орыс тілі және ұйғыр/тәжік/өзбек тілінде оқытатын мектептердегі ана тілі бойынша эссе;
– 11 маусым – қазақ тілі мен әдебиеті немесе орыс тілі мен әдебиеті пәндерінен жазбаша емтихан.
11 (12)-сынып түлектері үшін емтихан кестесі төмендегідей:
– 2 маусым – Қазақстан тарихынан ауызша емтихан;
– 5 маусым – алгебра және анализ бастамаларынан жазбаша емтихан;
– 9 маусым – оқыту тілі бойынша жазбаша емтихан;
– 12 маусым – таңдау пәні бойынша емтихан;
– 15 маусым – қазақ тілі мен әдебиеті немесе орыс тілі мен әдебиеті пәндерінен жазбаша емтихан.
Сонымен қатар 5-8 және 10-сынып оқушылары мамыр айының соңында қазақ тілінен емтихан тапсырады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
