Жұма, 03 мамыр, 12:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Оқушылар мен 2 мұғалім мектептің тамағынан уланған

08.11.2023

587 0

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті балалардың жаппай улануына қатысты түсініктеме берген.

Жамбыл облысы білім басқармасының ақпаратына сәйкес 2023 жылғы 7 қарашада Байзақ аудандық орталық ауруханасына Н.Киікбаев атындағы орта мектептің 44 оқушысы мен 2 мұғалімі улану белгілерімен түскен, – деді комитет.

Тексеруден кейін 11 оқушы үйлеріне оралды, 2 мұғалім мен 33 оқушы медициналық көмек алуда. Балалардың жағдайы қалыпты.

Осы факті бойынша Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, Денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінен тұратын арнайы жедел штаб құрылды.

Қазіргі таңда мәселенің мән-жайы анықталуда.

Ақпарат көзі: baq.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: