Сейсенбі, 16 шiлде, 00:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№56-2066
16.07.2024
PDF мұрағаты

«500 ғалым» жобасы бойынша шәкіртақы иегерлері

27.06.2023

451 0

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның 2023 жылғы 22 маусымдағы шешімімен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің 14 оқытушысы «500 ғалым» жобасы бойынша шәкіртақы иегері атанды.

«500 ғалым» бағдарламасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес отандық ғалымдардың әлемдік жетекші ғылыми орталықтарда кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатында бекітілді. Мәселен, өткен жылы алғаш рет 6 оқытушы келесі университеттерде тағылымдамадан өткен: Тюбинген университеті (Германия); Джордж Вашингтон университеті (АҚШ); А.Е.Арбузов атындағы органикалық және физикалық химия институты (Татарстан Республикасы); К.А.Тимирязев атындағы Ресей аграрлық университеті (Ресей); М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (Ресей); Беларусь мемлекеттік агротехникалық университеті (Беларусь).

2023 жылдың күзінен бастап университетіміздің 14 ғалымы шетелдің жетекші университеттері мен ғылыми орталықтарында тәжірибе алмасу, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу үшін мемлекет есебінен тағылымдамадан өтуді бастайды. Бұл физика, археология, су ресурстары, жылу энергетикасы және жаңартылатын энергия көздері, құрылыс, шет тілдері, педагогика және психология саласындағы мамандары:

1. Абжаев Марат Маликович – Ресей (Қазан (Еділ) федералды университеті);

2. Асанова Жанна Сексенбаевна – Әзірбайжан (Әзербайжан техникалық университеті);

3. Әмірғалина Гүлмира Темірболатқызы – Германия (Тюбинген Эберхард және Карл университеті);

4. Байниязова Ақмарал Тасқарақызы – Ресей (Қазан (Еділ) федералды университеті);

5. Далдабаева Гүлнұр Төреханқызы – Швейцария (Солтүстік-Батыс Швейцария қолданбалы ғылымдар және өнер университеті);

6. Елеуова Эльмира Шораевна – Швейцария (Солтүстік-Батыс Швейцария қолданбалы ғылымдар және өнер университеті);

7. Ізтілеуова Жанна Бақытжанқызы – Ұлыбритания (Уорвик Университеті)

8. Сапарқызы Жаннат – Ресей (М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті);

9. Сардарова Эльмира Асанбекқызы – Ұлыбритания (Уорвик Университеті)

10. Сұлтанжанов Жетесби Қанапияұлы – Германия (Тюбинген Эберхард және Карл университеті);

11. Сыдықова Гүлнар Құдайбергенқызы – Әзірбайжан (Әзербайжан техникалық университеті);

12. Умбетова Шолпан Мырзабекқызы – Әзірбайжан (Әзербайжан техникалық университеті);

13. Шынбергенов Ерлан Әлімжанұлы – Ресей (М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті);

14. Шаянбекова Бахытжан Рахманбердиевна – Швейцария (Солтүстік-Батыс Швейцария қолданбалы ғылымдар және өнер университеті).

«500 ғалым» жобасы тұлғаның біліктілігін және құзыреттілігін арттыруға бірегей мүмкіндік береді. Әріптестеріміз қайта оралып, өңірлік мықты университет құруға күш салады деп сенеміз.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда

университетінің медиа орталығы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: