Жексенбі, 22 желтоқсан, 07:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

600 студент «TAZA SESSIYA» акциясына қатысты

31.03.2022

943 0

Бүгін «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы «Jas Otan» ЖҚ мүшелері студент жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «TAZA SESSIYA» акциясын ұйымдастырды.

Акцияға ЖОО-дағы 1-4 курс студенттері, магистранттар мен докторанттар қатысып, сыбайлас жемқорлыққа байланысты сауалнама сұрақтарына жауап беретіндігі жөнінде кеше Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында «AMANAT» партиясы жанындағы Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының жетекшісі Медет Жорабек мәлімдеген болатын.

Бүгін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда және «Болашақ» университеттерінің 600-ден аса білім алушылары акцияға белсенді қатысып, сауалнама сұрақтарына жауап берді.

«Қазіргі таңда жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлықтың кең таралуы өзекті мәселе екені мәлім. Білім алушылар сауалнамада берілетін 22 сұрақты бөгде кісілердің араласуынсыз жауап берді. Енгізілген сұрақтар сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне байланысты әзірленген. Құпиялық талаптарды сақтау мақсатында жеке сұрақтарды енгізуге қатаң түрде тыйым салынады. Құпиялық талаптарының бұзылуына кінәлі адамдар заң бойынша жауапқа тартылады», – дейді Медет Жорабек.

«AMANAT» партиясының Саяси кеңесі Бюросының шешімімен 2025 жылға дейінгі жастар саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын «Жастар – Отанға!» бағдарламасының Республикалық және аймақтық жол карталары қабылданған болатын. Аталмыш шара жергілікті Жол картасының 20-тармағына сәйкес ұйымдастырылды.Маңызды шараның сапалы өтуіне партияның депутаттық фракциясының мүшелері, түрлі жастар ұйымдарының өкілдері мен белсенділері, журналистер мен ерікті топтар атсалысты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: