Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде Нэльсон Мандела күніне орай мекеменің Жасақ бастығының ұйымдастыруымен жазасын өтеушілер арасында бірқатар тәрбиелік және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Іс-шараның басты мақсаты – сотталғандарды салауатты өмір салтын ұстануға баулу, бос уақытын тиімді ұйымдастыру, сондай-ақ ұжымдық ынтымақтастық пен өзара сыйластықты нығайту. Бағдарлама аясында жазасын өтеуші азаматтарға Нэльсон Манделаның өмір баяны таныстырылды. Сонымен қатар, мәдени-танымдық бағыттағы іс-шаралар өткізу қарастырылған, белсенділік танытқан қатысушылар ынталандырылады.
Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар сотталғандарды қоғамға қайта бейімдеуге, олардың бойында оң құндылықтарды қалыптастыруға және құқықтық мәдениетін арттыруға ықпал етеді
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
