Құрылтай

Сейсенбі, 21 шiлде, 07:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№54 (2266)
21.07.2026
PDF мұрағаты

Қазақстан 5 мың тонна етті салықсыз импорттауға рұқсат бермек

20.07.2026

77 0

Қайта өңдеуші кәсіпорындарға шетелден 5 мың тонна ірі қара мал етін бажсыз әкелуге рұқсат берілмек. Жеңілдік бекітілген тарифтік квота шеңберінде бөлінеді, – деп хабарлайды  kursiv.media

Осы мақсатта Ауыл шаруашылығы министрлігі жаңа бұйрық жобасын әзірледі. Құжат «Ірі қара мал етін Қазақстан Республикасының аумағына әкелудің кейбір мәселелері туралы» деп аталады.

Тарату тәртібі Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 30 бұйрығымен бекітілген әдіске сәйкес жүреді.

Жаңа бастама отандық қайта өңдеуші кәсіпорындарға сырттан шикізат тасымалдауды жеңілдетуге бағытталған.

Бұған дейін Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭС) елдеріне сырттан келетін сиыр етіне қатысты кеден ережелері өзгеріп, енді еттің белгілі бір көлемін баж салығынсыз, яғни жеңілдікпен әкелуге рұқсат берілді.

Бұл жеңілдік аясында Қазақстан мен Қырғызстан 5 мың тонна, Беларусь пен Армения 7,5 мың тонна, ал Ресей 100 мың тоннаға дейін сиыр етін салық төлемей импорттай алады 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: