Сәрсенбі, 24 маусым, 12:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№47 (2259)
23.06.2026
PDF мұрағаты

Қорқыт ата университеті үздік ондықта

24.06.2026

81 0

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) жариялаған «Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының сұраныс рейтингі – 2026» қорытындысы бойынша Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті еліміздің үздік жоғары оқу орындарының алғашқы ондығына еніп, 7-орынға тұрақтады.

Биылғы рейтингке Қазақстанның көпсалалы, техникалық, гуманитарлық-экономикалық, медициналық, педагогикалық және өнер бағытындағы 32 жоғары оқу орны қатысты. Сонымен қатар, рейтингке енгізілген білім беру бағдарламаларының саны өткен жылмен салыстырғанда 10,7 пайызға артты.

Рейтинг қорытындысында университеттің 31 білім беру бағдарламасы Қазақстан бойынша үздік үштікке енді.

Бұл нәтиже университеттің білім беру сапасының жоғары деңгейін, профессор-оқытушылар құрамының кәсібилігін, ғылыми әлеуетін және түлектерінің еңбек нарығындағы сұранысын тағы бір мәрте дәлелдейді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: