- Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Еуропалық Одақ арасында «Әуе тасымалының кейбір аспектілері туралы» келісім;
- «Air Astana» АҚ мен Airbus компаниясы арасында 50 әуе кемесіне дейін тапсырыс беруге қол қою рәсімі;
- Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі арасында интеллектуалды көлік жүйесін енгізу және «Е-жолдары» цифрлық платформасын жасақтауға грант бөлу жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
- «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мен Еуропалық инвестициялық банк арасында Транскаспий халықаралық көлік бағдарының бөлігі саналатын Қазақстан өңірлеріндегі жолдарды қалпына келтіруге арналған «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ жобаларын қаржыландыру бойынша меморандум;
- Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі арасында Минералдар мен металдар саласындағы озық тәжірибелік орталық құруға арналған техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу бойынша өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум. t.me/aqorda_resmi




Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
