Сейсенбі, 23 маусым, 22:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№47 (2259)
23.06.2026
PDF мұрағаты

Полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтті

23.06.2026

31 0

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін «Өнер орталығында» облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен Полиция күніне арналған салтанатты жиын өтті. Оған құқық қорғау органдарының басшылары мен қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері қатысты.

Полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтті

Жиын алдында аймақ басшысы полиция қызметінің материалдық-техникалық әлеуетін арттыру мақсатында алынған арнайы техникалар көрмесімен танысты.

Салтанатты шараның ашылуында Әнұран орындалып, Ту көтерілді.

Аймақ басшысы полиция қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, құқық қорғау саласында атқарылған жұмыстарға тоқталды.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Біздің қоғамымызда заң мен тәртіп үстемдік құруға тиіс. Бұл – бүкіл қоғамның, әр адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты талабы.
Біз сонда ғана Әділетті, Таза, Қауіпсіз Қазақстанды құра аламыз» деген болатын. Бұл міндеттер Сіздерден жоғары жауапкершілік пен табанды еңбекті талап етеді. Құқық қорғау органдарымен бірлескен жүйелі жұмыстың нәтижесінде өңіріміздегі қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. Соңғы жылдары құқықбұзушылық көрсеткіштері едәуір төмендеді.
Біздің мақсатымыз – тек көрсеткіш қуалау емес. Ең бастысы – құқықбұзушылықтың алдын алып, оның деңгейін тұрақты төмендету. «Мемлекет пен азамат – біртұтас» қағидаты негізінде полиция халықпен ашық әрі сенімді қарым-қатынас орнатуы қажет. Халықтың сенімі – Сіздерге үлкен жауапкершілік!
Еліміздің тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті сақтаудағы қызметтеріңіз жемісті болсын!», -деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтті

Кейінгі жылдары өңірдің полиция органдарының материалдық-техникалық базасын жақсартуға облыстық бюджеттен 18 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Жұмыс тиімділігін арттырып, құқықбұзушылықтың алдын алуға, қылмысты жедел ашуға мүмкіндік беретін жаңа технологиялар енгізілуде.

Полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтті

Республикада алғашқы болып барлық ауданда Жедел басқару орталықтары ашылды, бейнебақылау жүйесі кеңейтілді. 2023 жылдан бері полиция қызметкерлеріне заманауи құралдармен жабдықталған 228 жаңа автокөлік табысталды. Бүгінгі кәсіби мерекеде полицияның жедел салалық қызметтеріне 94 заманауи автокөлік берілді.

Полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтті

Жиында полиция қызметкерлері ҚР Премьер-министрінің, Премьер-министрдің бірінші орынбасарының Алғыс хаттарымен, Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен, облыс әкімінің Алғыс хатымен, «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен, «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен, Ішкі істер министрінің Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен, естелік қол сағатымен, сондай-ақ облыстық полиция департаменті бастығының Грамотасы және Алғыс хаттарымен марапатталды.
Ішкі істер министрінің бұйрығына сәйкес бірқатар қызметкерге «Полиция полковнигі» шені табысталды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: