Сейсенбі, 23 маусым, 19:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№47 (2259)
23.06.2026
PDF мұрағаты

Мемлекеттік қызметші күні: Үздіктер марапатталып, жас мамандар ант қабылдады

23.06.2026

29 0

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен 23 маусым – Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Онда мемлекеттік қызметті жаңғыртуға бағытталған реформалар, биылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетін «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заңның негізгі бағыттары және Президенттік жастар кадрлық резервінің мемлекеттік басқару саласына білікті жастарды тартудағы рөлі атап өтілді.

Қазіргі таңда өңірде 35 жасқа дейінгі 800-ге жуық жас мемлекеттік қызметші еңбек етеді.

Аймақ басшысы мемлекеттік қызметтің ел дамуындағы айрықша маңызына тоқталып, кәсіби мерекемен құттықтады.

Мемлекеттік қызметші күні: Үздіктер марапатталып, жас мамандар ант қабылдады


«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Мемлекеттік қызметшілер – Әділетті Қазақстанды құрудың басты қозғаушы күші» деген болатын.
Мемлекетке қызмет ету – ең құрметті әрі аса жауапты міндет. Отанды шексіз сүю, туған елдің дамуына аянбай үлес қосу – әрбір азаматтың парызы.
Мемлекеттік қызметшінің бойындағы кәсібилік, адалдық сынды қасиеттер еліміздің өркендеуінің негізіне айналуда.
Сыр өңірінен елге адал қызмет етудің нағыз үлгісін көрсеткен талай қайраткер тұлғалардың шыққанын әрдайым мақтанышпен айтамыз. Оның ішінде халықтың сүйікті перзенті атанған,
көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Машбекұлы Сапарбаевтың орны ерекше. Асыл азаматтың өнегелі жолын бейнелейтін «Сапарбаев тұлғасы» кітабы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен жарыққа шыққан болатын. Кітаптың таныстырылымы жақында ғана Қызылорда қаласында өтті.
Бұл еңбек – барша мемлекеттік қызметшілерге, жастарға адалдық пен еңбекқорлықтың мәнін түсіндіріп, мемлекеттік қызметтің қадір-қасиетін терең сезіндіретін рухани мұра.
Мемлекеттік қызметші – еліміздің өсіп-өркендеуіне, тұрғындарымыздың сенімін ақтап, әл-ауқатын арттыруға үлес қосатын, қоғамда адалдық пен әділеттіліктің үлгісін көрсететін халықтың айнасы.
Жауапкершілігі жоғары салада Өздеріңізге жүктелген міндет пен жоғары сенімді ақтауда бар күш-жігерлеріңіз бен білімдеріңізді жұмсап, адал қызмет ете беріңіздер», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Мемлекеттік қызметші күні: Үздіктер марапатталып, жас мамандар ант қабылдады

Іс-шарада бірқатар қызметкерлер мен сала ардагерлері Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің, Премьер-министрдің бірінші орынбасарының Алғыс хаттарымен, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен, Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен, «Қызылорда облысының дамуына қосқан үлесі үшін» медалімен және облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Мерекелік басқосуда Президент Жарлығына сәйкес мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған жас мемлекеттік қызметшілер салтанатты түрде ант берді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: