Дүйсенбі, 06 ақпан, 18:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№10 (1917)
04.02.2023
PDF мұрағаты

«Ақмешіт» лицензиядан айырылған жоқ

24.01.2023

96 0

«Ақмешіт апталығы» газетінің осы жылдың 21 қаңтарындағы №6 санында «Болашақтың» студенттері далада қалмайды» атты мақала жарияланған болатын. Жазылған мақалаға орай бірнеше оқырманымыз хабарласып, «мақалада қазіргі «Қызылорда технология және қызмет» институты яғни бұрынғы «Ақмешіт» институты да лизенциясынан айырылғаны туралы жазылыпты, ақпарат қаншалықты рас?» деп сұрау салды.

Оқырман сауалына орай мәселенің анық-қанығын білу мақсатында аталған оқу орнының проректоры Ерлан Шынбергеновке жолықтық.

– «Қызылорда технология және қыз­мет» институты Сыр өңірінің білім беру ісінде өзіндік орнын қалыптастырған жоғары оқу орнының бірі, – деп бастады әңгімесін проректор.

Айтуына қарағанда, бұрын «Ақмешіт» деп аталған жоғары оқу орны 1998 жылы құрылған. Алғашқы жылдары оқу үдерісі «Техника және бизнес» факультетінің «Математика және ақпараттық технология», «Эконо­мика және менеджмент», «Жалпы инженерлік пән­дер», «Әлеуметтік пәндер» кафедра­ларында ұйымдасты­рылған. 25 жылдық тарихы бар оқу орнының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында атқарыл­ған жұмыс аз емес.

Осындай мәліметтерді алға тартқан оқу орнының проректоры Ерлан Әлімжанұлы «Ақмешіт» институтының лицензиясынан айы­рылмағанын,  «Қы­зыл­орда технология және қызмет» инс­титуты болып тек атауын ғана өз­герткенін мәлім етті.

Проректор берген мәліметке сүйен­сек, «Қызылорда технология және қыз­мет» инс­титуты 2022 жыл­дың маусымын­да Қазақстан Рес­публикасында танылған аккредит­теу органдарының тізіліміне енген Қазақстанның заманауи (элиталық) білім ассоциациясы (KAZSEE) арқылы халық­аралық институционалдық және білім беру бағдарламаларының маман­дандырылған ак­кредиттеуінен өткен. Нәтижесінде институтқа KAZSEE-дің аккредиттеу кеңесінің шешімімен 5 жыл мерзімге институционалдық және білім беру бағдарламаларының маман­дандырылған аккредиттеуінен өт­кендігі туралы сертификаттар беріл­ген. Бүгінде бұл білім ордасы бака­лав­риат­тың 18 білім беру бағдарламасы бойынша ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің лицензиясына сәйкес жұмыс жасап отыр.

Айта кетейік, бұған дейін «Қызыл­орда технология және қызмет» инсти­туты мен «Болашақ» университеті бірігетінін жазғанбыз. «Қызылорда тех­нология және қызмет» инс­титутының бас лицензиясы негізінде екі оқу орны бірігіп, жаңадан «Қызылорда Ашық университеті» құрылады.

Тағы да оқыңыз: