Жұма, 29 наурыз, 07:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Бал бала байқауына – 15 жыл

16.11.2022

804 0

Қызылорда қаласында дәстүрлі «Бал-бала» жас өнерпаздардың байқауы өтті. Биыл 15-ші мәрте ұйымдастырылған өнер бәйгесіне өңірдегі 27 балабақшадан 400-ден астам бүлдіршін қатысып, үш кезең бойынша сайысқа түсті.

Биылғы байқау «балалар жылына» арналды. Жас өнерпаздар әуелетіп ән шырқап, мың бұрала билеп, бір бірінен асып түсіп жатты. Тағы бір ерекшелігі балғындар тек туған жер тақырыбында патриоттық әндерді шырқады. Бойындағы талантын үлкен сахнада паш еткен кішкентай өнер иелері көрермендерді ғана емес, қазылар-алқасын да айрықша тәнті етті.

– Балабақша жасындағы балалардың арасында үлкен мереке өтіп жатыр. Бұл байқау бірінші болған кездегі балалардың деңгейімен бүгінгі  балабақшаның жұмысының деңгейі аспан мен жердей десем қателеспеймін. Өсу деңгейі өте керемет. «Бұлақ көрсең көзін аш» деген. Он бес жыл ішінде осы байқаудан бастап, бүгінде өнер әлеміне қанат қаққан шын таланттар жетерлік. Бұрын фествиаль қала балабақшалары арасында өтсе, биыл ауыл-аймақтан да өнерлі бүлдіршіндер қатысып, ауқымы кеңейе түсті, – деді байқау ұйымдастырушысы Эльмира Қанатбаева.

Өнерпаздардың өнерін тамашалаған қауым бұл күні ғажайып көңіл-күйге бөленді. Ал байқауда бақ сынаған балғындардың барлығы марапатқа ие болып, түрлі сыйлықтар табысталды. Ерекше айта кету керек, бас жүлдені «Сыр шуағы» балабақшасының тәрбиеленушілері жеңіп алды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: