Сейсенбі, 24 желтоқсан, 22:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Балабақша қызметкерлері ата-аналардан негізсіз ақша талап еткен

03.09.2024

374 0

Астана прокуратурасы мектепке дейінгі мекемелерге тексеріс жүргізіп, балабақша қызметкерлерінің ата-аналардан негізсіз ақша талап еткенін анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жасап хабарлайды.

Прокуратура мәліметіне сәйкес демалыс кезеңінде жекеменшік балабақшалардың қызметкерлері орындарды сақтау үшін ата-аналардан негізсіз ақы алған. Қадағалау органының араласуынан кейін шарттар қолданыстағы заңнамаға сәйкестендірілді.

Сондай-ақ балабақшада жалақысы заңсыз есептелген жалған қызметкерлер жұмысқа орналастырылғаны белгілі болды. Анықталған жымқыру фактілері  бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды.

“Жекеменшік балабақшаларда мерзімі өткен дәрілік заттар сақталған. Сонымен қатар құрамында сынап бар шамдарды сақтау және жою кезіндегі бұзушылықтар анықталды. Қадағалау актілері бойынша бұзушылықтарды дереу жою үшін шаралар қабылданды, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды”, – деп мәлімдеді Астана қалалық прокуратурасы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: