Жұма, 03 мамыр, 18:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Бізге қосыл: Pecha Kucha Night Kyzylorda

24.10.2023

462 0

25 қазан Республика күні және Қызылорда облысының 85 жылдықмерекесіқарсаңында«Pecha Kucha Kyzylorda. IT TRENDS»шарасыөтеді.

Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен өтетін шараның ұйымдастырушылары −Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Ақпараттық технологиялар орталығы» және Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Kyzylorda Hub бизнес-инкубаторы.

Pecha Kucha cөзіжапонтілінененген, әңгімелесу деген мағынаны білдіреді. Бұл − презентациялар мен баяндамаларды ұсынудың ерекше форматы. Спикер 20 слайдтан тұратын жобасын ұсынып, әр слайдқа 20 секунд тоқталады. Осылай белгілі уақыт аралығында спикер өз тақырыбын толық түсіндіруі қажет. Аталмыш әдіс бойынша өтетін шара биыл «AI trends» тақырыбына арналады.

Жиын барысында Айболат Құлатай, Айдос Жетпісбай, Бибол Жакипбаев, Мақсат Әбді, Мақсат Есенов және Мұрат Туремуратов жасанды интеллект әлемінің жаңалықтарымен, трендтерімен бөлісіп, түрлі тақырыпта сөз тарқатады.

Шараның негізгі мақсаты  − жастарға жаңа технологиялар аясындағы мүмкіндіктерді, IT бағыттағы жаңалықтар  мен тың идеяларды ерекше форматта ұсыну.

«Pecha Kucha Night  Kyzylorda» өңірде 2019 жылдан бастап тұрақты түрде өткізілуде. Осы уақыт аралығында ерекше форматтағы басқосу 250-ден астам жасты қамтыды.

Қосымша ақпарат бере кетейік, Pecha Kucha  форматыменөтетін«AI trends» тақырыбындағы  шара 27 қазанда «Бастау» бизнес орталығы, «Grand Plaza» мейрамханасында 17:30-да басталады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: