Бейсенбі, 28 наурыз, 17:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Мәдени байланыс – ынтымақтастықты нығайтудың тиімді жолы

24.11.2021

938 0

Үндістан тәуелсіздігінің 75 жылдығына орай Үндістанның Қазақстандағы Елші­лігі Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Үндістан достары» шара­сын өткізді. Қазақстандағы Үндістан елшілігінің жанындағы Свами Вивеканан­да мәдени орталығы (SVCC) еліміздің бірнеше қаласында мәдени іс-шаралар ұйымдастырған болатын. Бұл шаралардың мақсаты – Қазақстан мен Үндістан халқы арасындағы мәдени, рухани байланысты тереңдету.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің басқарма төрағасы – ректоры Бейбіткүл Кәрімова Қазақстан­дағы Үндістан елшілігінің жанындағы Свами Вивекананда мәдени орталығының өкілдерімен кездесті. Жиында ынты­мақтастық байланысты одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.

Үндістан халқы өзінің тарихымен және сан қырлы мәдениетімен әлемге әйгілі. Қай кезде де өнерде шекара болмайды. «Үндістан достары» шарасының аясында бай мәдени мұрасымен ерекшеленетін елдің өнерімен біздің білім алушылар кеңінен танысуда. Алдағы уақытта да екі ел арасындағы мәдени байланыс арта береді деген сенімдемін, – деді Бейбіткүл Сәрсемханқызы.

Мерекелік шара аясында университетте SVCC оқытушылары үнді музыкасы, биі және йога бойынша шеберлік сабақтарын ұйымдастырды. Сондай-ақ Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің кітапханасында Үнді кітап бұрышы ашы­лып, сол елдің тарихы, салт-дәстүрі, мәдениеті, танымал тұлғалары туралы 200-ге жуық кітаппен толықтырылды.

Шара барысында «Махатма Ганди мұрасы» тақырыбындағы эссе сайысының қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті. Эссе байқауы 2-22 қазан аралығында онлайн өткізілген болатын.

«Үндістан достары» шарасының ая­сында «Достық» үйінде университет студенттері мен SVCC оқытушылары қорытынды концерт берді. Кеште студенттер мәдени орталық өкілдерімен бірге сахнаға шығып, шеберлік сабақта­рында үйренген өнерлерін ортаға салды.

Бұл іс-шаралар Қазақстан мен Үндістан арасындағы өзара ынтымақтастықты ілгерілету, мәдени байланысты нығайту бағытындағы маңызды бастама болып саналады. Свами Вивекананда мәдени орталығының өкілдері осы мүмкіндік үшін Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне алғыс білдірді және болашақта ынтымақтастықты жалғасты­руға ниетті екендіктерін жеткізді.

А.БЕРДІБАЙ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: