Сейсенбі, 26 мамыр, 12:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39 (2251)
26.05.2026
PDF мұрағаты

Мейрамханаларда мектеп бітіру кештерін ұйымдастыруға тыйым салынды – Үкімет отырысы

26.05.2026

71 0

Фото: Үкімет

11-сынып түлектеріне аттестаттарды салтанатты табыстау рәсімі 17–18 маусымда өтеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлім етті, – деп хабарлайды KAZINFORM

– Алдағы уақытта – 29 мамыр мен 15 маусым аралығында 9 және 11-сынып бітірушілерінің қорытынды аттестаттауы өтеді. Емтихандардың ашықтығы мен академиялық адалдығын қамтамасыз ету мақсатында материалдар білім беру ұйымдарына тікелей емтихан күні жолданады, – деді Ж. Сүлейменова.

Сонымен қатар ол 11-сынып түлектеріне аттестаттарды салтанатты табыстау рәсімі 17–18 маусым күндеріне жоспарланғанын айтты. Іс-шараларды тек білім беру ұйымдарының базасында өткізу тапсырылды.

– Мейрамханаларда, кафелерде, банкет залдарында мектеп бітіру кештерін ұйымдастыруға және заңсыз қаражат жинауға тыйым салынды. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен бұйрығы қабылданды. Әкімдіктер бұл мәселені ішкі істер органдарымен бірлесіп қатаң бақылауда ұстауы өзекті, – деді министр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: