Бейсенбі, 26 желтоқсан, 00:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Мектептің бесжылдық даму жоспарымен танысты

09.12.2020

2107 0

Жаңа оқу жылынан бастап оқушылардың жан-жақты дамуы үшін «NIS Engineering»  заманауи технологиялық жобасын іске асыру көзделіп отыр. Сондай-ақ, мектеп аумағын абаттандыруда «Ecosystem» эксперименталды алаңын ашу арқылы балалардың зерттеушілік қабілеттерін арттыру да жоспарда бар. Осы және мектептің өзге де даму бағыттары Қамқоршылық кеңес отырысында жан-жақты талқыланды.

Биыл қамқоршылық кеңес жаңа құрамда жұмысын бастады, оған аймақтағы білім беру ұйымдарының басшылары, мемлекеттік органдармен, өңірдегі бірқатар ілгері бизнес өкілдері мен ата-аналар мүшелік етеді. Кеңес отырысында мектеп директоры Бахыт Жұматай қатысушыларға білім ордасының жалпы ережелері туралы түсінік бере отырып, педагогикалық құрамы, оқушылар контингенті, түлектердің жоғары оқу орындарына түсу деңгейі және оқушылардың ғылыми-академиялық жетістіктері қамтылған мазмұнды таныстырылым жасады. Сондай-ақ, 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары бойынша балалар шығармашылығын арттыру мен зерттеушілік қабілеттерін дамытуға арналған алдағы уақытта іске асырылатын жұмыстарды таныстырды.

«NIS Engineering» – робототехника, ғарыштық модельдеу, пилотсыз ұшу аппараттарын құрастыру, баламалы энергия көздерін алу, 3D дизайн және қолданбалы өнер секілді бірнеше бағыттарды қамтитын үлкен технологиялық алаң. Бұл жерде балалар заманауи технологияларды игеру арқылы интеллектуалды дамуларына мүмкіндік алады», – дейді мектеп басшысы.

Сонымен қатар, «Табиғат аясындағы сабақтар» негізінде биология пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін жандандыру, зерттеушілік дағдылары мен STEAM ойлау қабілтеттерін дамытуы үшін мектеп аумағында Ecosystem жүйесін іске асыру жопарланып отыр.

«Мектеп жұмысы  білім сапасын арттыруға, оның ішінде оқушыларға тең мүмкіндіктер беруге, кең ауқымды дағдыларды қалыптастыруға, жекелеген қабілеттерін ескере отырып, қызығушылықтарын және қажеттіліктерін дамытуға бағытталған. XXI ғасырда табысты болу үшін біз жастардың бойына қажетті құндылықтарды сіңіруіміз маңызды. Сондай-ақ, қазақстандық және шетелдік ұйымдармен, мектептермен тығыз байланыс орнату арқылы даму қарқынын күшейтіп, қосымша мүмкіндіктерге қол жеткізе аламыз», – деді  Бахыт Әмірханұлы.

Отырыста кеңес мүшелері барлық бастамалардың  маңыздылығын атап өтіп, өз ұсыныстарын айтты. Сондай-ақ, алдағы уақытта ынтымақтастықта бірлесіп жұмыс жасауға дайын екендіктерін жеткізді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: