Дүйсенбі, 25 мамыр, 20:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38 (2250)
23.05.2026
PDF мұрағаты

Қазақстанда 400-ден астам мектеп директорына сұраныс бар

25.05.2026

57 0

Фото: Zakon.kz/ Алия Абди

Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева депутаттық сауалға берген жауабында мектеп директорлары арасындағы кадр тапшылығына қатысты статистиканы жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің мәліметінше, соңғы үш жылда мектеп директорларының бос орындары кезең-кезеңімен азайып келеді. Мәселен, 2024 жылы – 935, ал 2025 жылы – 830 бос жұмыс орны тіркелген.

«Қазіргі таңда мемлекеттік мектептерде 438 директорлық лауазым бос тұр», – делінген жауапта.

Кадр тапшылығының басым бөлігі ауылдық мектептерге тиесілі. Атап айтқанда, 385 бос орын – ауыл мектептерінде, ал 53 вакансия – қалалық мектептерде.

Сондай-ақ Аида Балаева мектеп директорларын іріктеу және тағайындау мәселелері өңірлердегі көшпелі кеңестерде қаралғанын атап өтті.

Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігіне шағын жинақты мектеп директорлары үшін біліктілік талаптары мен ротация мерзімдерін қайта қарау тапсырылған.

Бұған дейін мемлекеттік мектептер, жоғары оқу орындары мен медициналық ұйымдар басшыларын конкурстық негізде іріктеу жоспарланып отырғаны хабарланған еді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: