Сенбі, 07 желтоқсан, 20:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда барлық балабақша тәрбиешілеріне жеңілдікпен үй алу мүмкіндігін беру ұсынылды

13.05.2022

1255 0

Жекеменшік балабақшалардың тәрбиешілеріне де жеңілдікпен баспана алу мүмкіндігін беру керек. Бұл туралы Қазақстанның үздіксіз білім беру қауымдастығының төрағасы Лейла Күленова айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қауымдастық басшысының айтуынша, елімізде балабақшалардың тәрбиешілері үшін заңнамада біліктіліктеріне төлемдер мен үстемеақы қарастырылған. Алайда, бюджетте бұл мақсатқа қаражат қарастырылмайды.

«Әкімдік мемлекеттік балбақшаларға қаржыны жергілікті бюджеттен береді. Сондықтан да тәрбиешілер мемлекеттік балабақшаға жұмысқа тұру үшін барлық мүмкіндікті іздейді. Мұның үстіне олар жеңілдікпен пәтер ала алады. Ал біздің тәрбиешілерімізде ондай мүмкіндік те жоқ. Біздің де тәрбиешілерімізге тым болмаса жалдамалы пәтер, жеңілдікпен несие алу мүмкіндігі берілсе дұрыс болар еді. Оның қай жерде жұмыс істегенінің еш айырмашылығы жоқ қой», – деді Лейла Күленова.

Сонымен қатар қауымдастық өкілдері жекеменшік балабақша тәрбиешілерін мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына қатысушылардың тізіміне қосуды ұсынып отыр.

Айта кетсек, Қазақстанның үздіксіз білім беру қауымдастығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі ұйымдардың қызметіне лицензиялау енгізу туралы ұсынысын орынсыз деп санайды, өйткені бұл халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасына қатысты мәселелерді шешпейді. Осы салада жұмыс істейтін кәсіпкерлердің пікірінше, бұл шара көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылауға ешқандай әсер етпейді, тек ШОБ үшін қосымша кедергілер тудырады, бұл бірқатар жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың жабылуына және көлеңкелі балабақшалар санының өсуіне әкелуі мүмкін.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: