Сейсенбі, 23 сәуiр, 15:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым

23.04.2024
PDF мұрағаты

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті Азияның үздік жоғары оқу орындарының қатарына енді

10.11.2022

748 0

«QS Asia University Rankings – 2023» рейтингінің нәтижесі бойынша Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті ТОП-551-600 Азияның үздік жоғары оқу орындарының қатарына енді. Рейтингті Quacquarelli Symonds (QS) британдық компаниясы өткізді.

2023 жылғы Asia Rankings – осы кезге дейін ең ауқымды түрде өткен рейтинг. Биыл рейтингке 23 елдің 760 университеті енді. Олардың қатарында Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Тайвань, Гонконг, АӘА, Сингапур, Пәкістан, Иран, Үндістан, Малайзия, Вьетнам, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан және т. б. елдердің оқу орындары бар.

Рейтинг нәтижесінде Азияның ең үздік 100 университеті қатарына еліміздің екі университеті кіріп,  Қазақстан  Орталық Азиядағы жетекші жоғары білім беру жүйесіне айналды. Сонымен қатар, Қазақстан – Орталық Азияның басқа елдері арасында университеті ең көп ұсынылған ел. Рейтингке еліміз бойынша 32 ЖОО енді.

Биыл рейтингте университеттердің академиялық білім беру сапасы, жұмыс берушілер арасындағы беделі, ғылыми педагогикалық құрам мен студенттердің арақатынасы, бір қызметкерге шаққандағы жарияланымдар саны, халықаралық ғылыми байланыстар бойынша көрсеткіштері сараланды. Сондай-ақ, университеттің интернеттегі имиджі, PhD дәрежесі бар қызметкерлердің үлесі, бір мақаладағы дәйексөздер саны, шетелдік қызметкерлер және шетелдік студенттер үлесі де ескерілді.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Asia Rankings әлемдік рейтингіне енуі қазақстандық жоғары оқу орындары арасында да, әлемдік білім беру кеңістігінде де университеттің бәсекеге қабілеттілігі мен имиджін нығайтады.

Айта кету керек, 2019-2020 оқу жылымен салыстырғанда университетте білім алушылар саны 70%-ға артып, 9014 адамды құрады.

Бүгінде білім ордасында 5 институт, 24 кафедра, 5 ғылыми орталық қызмет етеді. Жалпы профессор-оқытушылар құрамы 560 адамды құрайды. Оның ішінде 22 ғылым докторы, 176 ғылым кандидаты, 37 философия докторы (PhD) бар.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің

медиа орталығы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: