Дүйсенбі, 04 қараша, 10:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№87-2097
02.11.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада ғалымдар тұқым шаруашылығын дамыту мәселелерін талқылады   

27.01.2023

618 0

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде шетелдік инвесторлардың қатысуымен «Қызылорда облысының тұқым шаруашылығын дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Ғалымдар жиында тұқым селекциясы, ауылшаруашылығы саласындағы инновациялық технологиялар туралы зерттеу жұмыстарымен таныстырды.

Кездесуге «Восток» бизнес-тобының қаржы директоры Сергей Бражко, «Аграрлық инновациялар институты» директоры Владимир Дудченко, «Солтүстік-шығыс ауыл шаруашылығы институтының» директоры Виктор Кабанец қатысты.

Жиында «Аграрлық технологиялар» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы Ибадулла Таутенов Қызылорда облысының суармалы егіншілік жағдайында ауылшаруашылық дақылдарын өсіру ерекшеліктері туралы айтты.

Сондай-ақ, «Су шаруашылығы және жерге орналастыру» кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының докторы, ҚР ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі Серікбай Өмірзақов, «Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» ЖШС-ның Басқарма төрағасы, ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты Самалбек Қосанов өңірдегі егін шаруашылығы саласындағы мәселелер мен шешу жолдарына тоқталды.

Айта кету керек, Херсон мемлекеттік аграрлық-экономикалық университетінің «Ботаника және өсімдіктерді қорғау» кафедрасының меңгерушісі Елена Марковская Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетімен әріптестік байланысты нығайту туралы меморандум жасауды ұсынды.


      Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің

медиа орталығы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: