Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Ұлы Жеңіс күні және Отан қорғаушылар күніне орай «Ерлікке тағзым» атты әскери-спорттық жарыс өтті.
Сайысқа 11-сынып оқушыларынан құралған 7 взвод қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың патриоттық рухын қалыптастыру, әскери дағдыларын дамыту, жауапкершілік пен командалық бірлікті нығайту, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау.

Іс-шараның құрметті қонақтары – Ауған соғысының ардагерлері Еркін Отаров, Құрманғазы Әбжалиев, Нұрадин Бекетаев қатысушыларға сәттілік тілеп, ақ баталарын берді.


Турнир бағдарламасы бес кезеңнен тұрды: Калашников автоматының макетін бөлшектеу және жинақтау, командирлер сайысы, винтовкадан ату, алғашқы медициналық көмек көрсету, саптық дайындық және патриоттық ән орындау.

Жарыс қорытындысы бойынша І орын – 11 «Е» сыныбы, ІІ орын – 11 «В» сыныбы, ІІІ орын – 11 «D» сыныбы жеңіп алды.
«Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың азаматтық жауапкершілігін арттырып, ел тарихына деген құрметін қалыптастырады және Отанға қызмет етуге дайын болуға тәрбиелейді», – дейді ардагер Нұрадин Бекетаев.

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
