2026 жылғы 9–10 мамыр күндері Тайвань мемлекетінің ұйымдастыруымен онлайн форматта өткен Asia-Pacific Informatics Olympiad (APIO 2026) халықаралық олимпиадасына әлемнің 32 елінен 187 оқушы қатысты.
Аталған беделді білім додасында Қазақстан Республикасының құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, 1 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль иеленді.Қазақстан құрамасының қоржынына түскен алтын медальдің иегері – Қызылорда облысындағы С. Шауханов атындағы №9 облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушысы Мансур Мамадахунов болды.

Айта кету қажет, Мансур Мамадахунов – Қазақстан тарихындағы APIO олимпиадасының үшінші алтын медалін иеленген оқушы. Сондай-ақ, талантты білім алушы 2026 жылғы 9–16 тамыз аралығында Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында өтетін IOI-2026 (38th International Olympiad in Informatics) дүниежүзілік олимпиадасына Қазақстан құрамасы сапында қатысуға жолдама алды. Іріктеу кезеңінің нәтижесі бойынша ұлттық құрама құрамына бірінші болып енді.
Бұл жетістік – өңіріміздегі дарынды оқушыларды қолдау бағытындағы жүйелі жұмыстың және сапалы білім берудің нақты нәтижесі.
Жас дарынды жеңісімен құттықтап, алдағы халықаралық білім бәйгелерінде сәттілік тілейміз!
Қызылорда облысы білім басқармасының баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
