Сенбі, 18 мамыр, 15:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39-2049
18.05.2024
PDF мұрағаты

Жаңа оқу жылының жаңалығы қандай?

02.09.2023

453 0

Апта басында өңірлік коммуникациялар қызметінің  баспасөз алаңында облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет брифинг өткізді. Онда жаңа оқу жылындағы өзгерістер мен алдағы жоспарларды айтты.

Облыс бойынша биыл жаңа оқу жылына   17543 бала бірінші сыныпқа қабылданған. Жалпы өңірдегі  319 мектепте  180 мыңнан астам оқушы білім алады. Оның  295-і мем­лекеттік болса, қалған 24-і жеке меншіктегі мектеп.

– Мемлекет басшысының  қолдауымен өңірде сапалы білім ұйымдарының саны артып келеді. Сондай-ақ аймақ басшы­сының тікелей қолдауының арқасында биыл «Білімді қолдау қоры» есебінен қалада физика-математика бағытындағы мектеп-интернатының құрылысы бастал­ды. Бұл жобаның жалпы құны – 7,9 млрд теңге. Ал қаламыздың сол жағалауына «ҚазГер­Мұнай» компаниясы өз есебінен 350 орын­дықты құрайтын заманауи үлгідегі оқушылар сарайын салады. Бұл жағымды жаңалық білім саласына зор серпін беретіні анық.  Себебі жыл сайын қала­дағы мектептерде бала саны көбеюде. Сондықтан мектептегі орын тапшылығын болдырмау үшін, облыс орталығындағы 1850 балаға арналған 4 мектептің жанынан қосымша ғимарат салуда. Бұл нысандар жаңа оқу жылында балаларды қабылдамақ. Бұдан бөлек, мектептерді заманауи пәндік кабинеттермен жабдықтау, бала қауіпсіз­дігін қамтамасыз ету үшін соңғы үлгі­дегі бейнекамералар алуға жергілікті бюджеттен 1 млрд-қа жуық қаржы бөлінген. Сондықтан облыстағы білім ұйымдары оқулық, оқу-әдістемелік құралдармен 100 пайыз қамтылады, – дейді облыс әкімінің орынбасары.

Сонымен қатар бастауыш сыныпта оқитын 70 мың  балаға алғаш рет  тегін ыстық тамақ беру қарастырылған. Бұған жер­гілікті бюджеттен 5,5 млрд теңге бө­лінген. Сондай-ақ 5-11 сыныпта оқитын  әлеуметтік көмекті қажет ететін 17000-ға жуық оқушыға да ыстық тамақ берілмек. Бұл мақсатта 3,3 млрд теңге қаржы қаралған.

Көмекке мұқтаж 37087 балаға бір реттік қаржылай көмек беріледі. Оған жергілікті бюджеттен 1,3 млрд теңге көз­делген. Ал түрлі себеппен қаржылай көмекке  ілікпей қалған оқушыларға демеушілер  тарапынан көмек көрсетілуде. Оның ішінде 7421 балаға   қажетті құрал-жабдықтар мен мектеп  формасы берілген. Сондай-ақ жаңа үлгідегі 30 автобус шалғайдан қатынайтын оқушылардың игілігіне берілмек.

Мұнан соң облыс әкімінің орынбасары балалардың білім алуы үшін жаңа мектептің бой көтеріп, апатты жағдайдағы мектептерге жүргізілген жұмыстарды баяндады.

– Президенттің тапсырмасымен бүгінде  «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы  жүзеге асуда. Оған 86,2 млрд теңге бөлінген. Жоспар бойынша облыста 21 заманауи мек­теп бой көтермек. Оның ішінде 10 мек­тептің құрылыс жұмыстары жүруде, қалған 11 мектептің құрылысы келер жылы басталады. Бұл мектептерде  12 мыңнан аса оқушы білім алады. Облыстағы апаттық жағдайда тұрған 6 мектептің 4 -і «Жайлы мектеп» жобасы аясында жүзеге асса,  1-і жеке инвестор есебінен жүргізіледі. Ал қалған апатты жағдайдағы мектепті білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры қолға алмақ. Аталған мектеп жыл соңына дейін қолдануға беріледі. Сондай-ақ  ауылдық елді мекендегі балалар да назардан тыс қалған жоқ. Шалғайдағы елді мекендегі оқушыларға 1400 орындықты құрайтын 4 мектептің құрылысы жүруде, ол жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Сонымен қатар облыс бойынша  3-6 жастағы балаларды мек­тепке дейінгі тәрбиемен қамту үлесі 100 пайызды құрайды. Ал 2 -6 жастағылар 89 пайызға жеткен, – дейді Мейрамбек Зинабдинұлы.

Сондай-ақ өңірдегі 29 колледж де на­зар­дан тыс қалмады. Бүгінде оның 17-сі мем­лекеттік болса, 12-сі жеке білім ұйымы. Онда 163 біліктілік бойынша еңбекке қажетті мамандарды дайындайды. Биыл жаңа оқу жылында 20672 студент білім алмақ.

Қазіргі таңда колледждерде кәсіби маман дайындау әлі де өзекті. Өкінішке қарай кейбір жастар мамандық таңдауда сұранысты ескермей, жұмысшы кәсібін меңгеруге ықылас танытпайтынын жеткізді.

Бүгінде техникалық мамандықты иге­рем деген әрбір түлекке мемлекет тарапынан 4,5 мыңнан аса балаға грант бөлінген.

Мұнан соң студенттердің, яғни ауыл бала­лары үшін жатақхана мәселесі де шешімін таппақ. Осы жылы қаржы орта­лығы арқылы Арал ауданындағы Арал индустриалды колледжінің жатақхана құры­лы­сы салынған. Жуырда пайдалануға берілмек.

Тағы бір айтарлығы, балабақша тәрбиешілерінің еңбекақысы 30 пайызға көтерілмек.

Сыр өңіріндегі білім саласын арттыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар үкіметтің қолдауымен жүзеге асуда. Яғни осы жұмыстарға   260 млрд теңге қаржы бөлінген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға артқан.

Нәзира МҰҚАТАЕВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: