Бейсенбі, 13 маусым, 09:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№46-2056
11.06.2024
PDF мұрағаты

Руханият шамшырағы

18.05.2024

334 0

Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан Журналистер одағының, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Өріс Яшүкірқызының мерейлі 75 жасқа толуына орай «Өрістің рухани өрісі» атты кездесу кеші өтті.
Облыстың зиялы қауым өкілдері, шығармашыл топ жетекшілері, ардагерлер қатысқан тағылымды кеште мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Жанұзақов жазушыны мерейлі жасымен құттықтап, облыс әкімінің «Құрмет грамотасын» табыстады.
Мұнан соң ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Сырдария ауданының құрметті азаматы Махмұтбай Әміреұлы, белгілі суретші, «Құрмет» орденінің иегері Амангелді Кененбайұлы құттықтау сөз сөйлеп, мерейтой иесіне сый-сияпат көрсетті.
Облыстық филармония әншілері және Айдарлы ауылдық «Әжелер» ансамблі әннен шашу шашты.
Салтанатты шара аясында «Қазіргі қазақ детективі» тақырыбындағы кітап көрмесі ұйымдастырылды.


Г. ҚОЖАХМЕТОВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: