Жексенбі, 23 маусым, 06:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
49-2059
22.06.2024
PDF мұрағаты

Кәсіпкер әнші Қайрат Нұртасты сотқа берді

17.05.2024

287 0

Сурет:www.instagram.com/kair_n

Атыраудағы мейрамханалардың бірінің иесі танымал әнші Қайрат Нұртасты сотқа берді. Кеше Алматы облысының соты әншіге қатысты істі онлайн режимде қарады. Оған ұйымдастырушы алдын ала бас тартқан қойылымға төленген авансты қайтармағаны үшін айып тақты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Атыраудағы мейрамханалардың бірінде өтетін жаңа жылдық корпоративтік кеште әнші өнер көрсетеді деп жоспарланған. Алайда ұйымдастырушылар ойынан айнып, шараға 42 күн қалғанда әншіні шақырудан бас тартқан. Жәбірленушінің айтуынша, әншінің анасы Гүлзира Айдарбековамен арадағы келісім ауызша жасалған. Алматыда әншінің көмекшілерімен кездесу кезінде 1000 доллар көлеміндегі алдын ала төлем қолма-қол ақшамен төленген. Атыраулық кәсіпкер өнерпазға келісімнен бас тартатынын бір жарым ай бұрын ескерткен. 

«Алғаш рет хабарласқанымда олар әншінің өнер көрсетуі телефон арқылы келісіліп, аванс қолма-қол ақшамен төленетінін айтты. Біз солай жасадық, ақшаны кездесуде бердім. Бірақ іс-шараға 42 күн қалғанда мен Қайрат Нұртастың менеджеріне хабарласып, келісімнен бас тартатынымызды айттым. Өйткені біз оның шығынын өтей алмайтын болдық. Сома шамамен 15 миллион теңге болды. Олар маған дөрекі түрде ақшаны қайтармайтынын айтты. Осыдан кейін менеджер барлық дауыстық хабарламаларын жойып тастады. Мен әншінің үстінен сотқа шағым түсірдім. Бірінші сот отырысында жеңіліп қалдық. Бірақ ақшамды қайтарып алғым келгендіктен аппеляцияға бердім», – дейді кәсіпкер Ольга Хван.

Апелляциялық сот кеше, 15 мамырда өтті. Жәбірленушінің адвокаттары әнші мен кәсіпкер әйел арасындағы келісім WhatsApp мессенджерінде сақталғанын хабарлады. Бірақ олардың арасында құжаттық келісім жасалмаған. Өнерпаз жарты жылдан бері тоқтатылған келісімнің алдын ала төлемін қайтармай келеді.

Алайда сот жәбірленуші тараптың талабын қанағаттандырмады. Осылайша, апелляциялық сот алқасы бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды. Жәбірленуші 6 айда сот шешіміне Жоғарғы сотқа қайтадан шағымдана алады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: