Жексенбі, 05 мамыр, 05:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

А.Ғиният: Елімізде ең ауыр инфекциялар тарап жатыр. Сырқат өте ауыр жүреді

22.12.2022

375 0

Қазақстанда шошқа тұмауы мен коронавирустың жаңа штамдары анықталды. Қазір елімізде  суперинфекция өршіп тұр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz.

Министрдің сөзінше, елімізде анықталған ковидтің «омикрон» штамынан бөлек, «цербер» штамы да тіркелген. Сондай-ақ, ол бір-біріне ұқсамайтын тұмаудың да өршіп тұрғанын айтты.

«Тұмаудың бір-біріне ұқсамайтын үш түрі бар, соның ішінде шошқа тұмауы (H1N1) да бізде тіркелді. Сонымен қатар, аденовирус та тіркеледі, вирустың барлық түрлері тіркеледі. Біз инфекция мен супер инфекцияның араласып жатқанын көріп отырмыз. Вирустар бір-біріне жабысып, сырқат өте ауыр жүреді», – деді Денсаулық сақтау министрі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: