Бейсенбі, 02 мамыр, 14:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

COVID-19: эпидахуал тұрақты

12.01.2024

306 0

Сурет: policlinica.ru

Коронавирус инфекциясы (COVID-19) – SARS-CoV-2 вирусы тудыратын жұқпалы ауру. Ол науқас адам жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде ауа тамшылары арқылы сыртқы ортаға бөлініп шығады.
Вирусқа шалдыққан адамдардың басым бөлігінде аурудың жеңіл немесе орташа клиникалық белгілері болуы мүмкін және олар арнайы емді қажет етпестен аурудан айығып жатады. Дегенмен кей адамдарда бұл ауру ауыр ағымда, асқынуларымен өтіп, медициналық аралсуды қажет етеді, қауіп тобында егде жастағы адамдар және қосымша аурулары бар, яғни жүрек-қан тамырлары, созылмалы респираторлы, онкологиялық және қант диабеті бар науқастар.
Вирустың таралуын болдырмаудың және жұқтыру қаупін төмендетудің ең жақсы тәсілі-адамдарға ауру туралы және оның қоздырғышының таралу механизмдері туралы хабардар ету. Өзіңізді және басқа адамдарды инфекциядан қорғау үшін Қызылорда облысының санитариялықө-эпидемиологиялық бақылау департаменті келесі сақтық шараларын ұсынады:
қол жуу гигиенасын сақтау, жиі сабындап жуып, залалсыздандыру антисептиктер қолдану;
түшкіру, жөтелу гигиенасын сақтау;
адамдар көп жиналатын орындарға баруды мейлінше шектеу, әлеуметтік арақашықтық сақтау;
нашар желдетілетін орындарда бетперделер пайдалану;
инфекцияға қарсы вакциналаудан уақытылы өту, дәрігерлерлердің нұсқауларын орындау;
вирус жұқтырған адамдарға күтім жасағанда санитариялық-эпидемиологиялық шараларды орындау.
Қызылорда облысы бойынша коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты, салыстырмалы 2022 жылдан 55 есеге төмендеген. 2023 жылы облыс бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырудың 118 дерегі анықталды, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар үлесі 47 деректі құрады. Басым бөлігі ауру симптомдарымен анықталды. 2024 жыл басынан бері ауруға шалдығудың 4 жағдайы тіркелді.

Динара Жанабергенова
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: