Дүйсенбі, 06 мамыр, 00:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Коронавирустан 1 адам көз жұмды

15.12.2022

477 0

Елімізде өткен тәулікте 279 адамнан коронавирус анықталып, 2 адам жазылып шықты. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналында жарияланды.

Министрлік таратқан мәліметтерге қарағанда, өткен тәулікте коронавирус дертінен 1 адам қайтыс болған.

«15 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2 008 адам коронавирус инфекциясынан (–1 897+ және 111 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 308 пациент стационарда, 1 700 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда»,-делінген хабарламада.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 13 адамның жағдайы ауыр,

• 1 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны артып келеді.

14 желтоқсандағы мәлімет бойынша елімізде 235 адамнан коронавирус анықталса, 13 қарашадағы бұл көрсеткіш 155 адамды құрады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: