Сәрсенбі, 08 мамыр, 14:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Мақтаулы маман

26.09.2023

179 0

Мейірбике ісі – тарихы тереңнен тамыр тартатын мамандықтың бірі. Ресейде
І Петр заманында госпитальдерде, лазареттерде әйелдер еңбек еткен. Сол кезде қайырымды мейірбикелер халықтың арасынан шығып, өздерінің қалауынша науқастарға күтім жасауды ұйғарған. Мейірбикенің наукастарды демеу жолындағы еңбектері орасан зор. Мейірімділік пен жылулықтың символына айналған маманның бірі – №1-ші қалалық емхананың
аға аяжаны Қуаныш Омарова.

Ол 1976 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1983 жылы Қызылорда қаласындағы №43 Ж.Махамбетов атындағы орта мектепке барған.1993 жылы Қызылорда медициналық училищидегі мейірбике ісі мамандығына оқуға түскен. Оқуды бітіргеннен кейін алғашқы еңбек жолын №1 қалалық емханада аймақтық мейірбике жұмысынан бастаған. Кейін 2016 жылдан бастап №2-ші жалпы тәжірибелік дәрігерлік бөлімінің аға мейіргері қызметіне ауысқан.
Жанына ыстық көрінетін алғашқы еңбек жолының бастауы болған № 1 -ші емханада жұмыс істегеніне бүгінде 25 жыл. Осы жылдар ішінде тұрғындардың арасында сыйлы болып қана қоймай алғысын да алып келеді.
– Бұл өмірде басты құндылықдың бірі – сіз бен біз, яғни сыйластық. Адамдармен жақсы қарым-қатынас жасау бұл келесі адамның оміріне, күнделікті тіршілігіне күннің нұры тәрізді өз жарығын, шуағын тигізеді, тіпті қиындықтарының түйінін шешуге мұрындық болады. Міне, осындай жанашыр, мейірімді жан – Омарова Қуаныш. Ауырған адамның жаны шүберекте дегендей, Қуаныш Қалмаханқызы әр ем алушының алдынан шығып, жағдай сұрап, тиісті кабинеттерге апарып, дәрігерлердің берген емін түсіндіріп кеңесін береді.
Сондай-ақ ол жумысына адал, мейірімді, ауырып барған адамдардың тән жарасын, жан жарасын басуға, қолынан келген көмегін көрсетуге дайын тұрады, – дейді қала тұрғыны С.З. Абдрахимова.
Қуаныш Омарованың атқарған еңбегіне сай алған марапаты да аз емес. Ол 2018 жылы министрліктің «Құрмет грамотасын», 2022 жылы облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Алғыс хатын», 2023 жылы облыс әкімінің орынбасарының «Алғыс хатымен» марапаттаған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: