Жексенбі, 28 сәуiр, 23:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Медицина ұйымдарында сертификаты жоқ мамандар жұмыс істеген

21.12.2023

562 0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Қызылорда облысында медициналық ұйымдарда тиісті сертификаты жоқ мамандар жұмыс істеп келген, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Прокурорлар емдеу мекемелерін тексеріп, 21 маманның біліктілігін растайтын құжаты жоқ екенін анықтады. Мұнан бөлек, әскери борышын өтеуге кетіп, тұрғылықты мекен жайында болмаған 900-ден астам азаматтқа алғашқы медициналық көмек көрсетілді деген жалған құжатпен мемлекеттен 17 миллион теңге төленген.

Жалпы облыс бойынша 19 денсаулық сақтау нысанын тексеру барысында 21 мың науқас тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілмегені де белгілі болып отыр.

«13 адамның құқығы қорғалды. Бұзушылыққа жол берген 242 тұлға тәртіптік жауапқа тартылды. Оның ішінде әкімшілік жауапқа тартылғандар да бар. Бюджетке 27 миллион теңге өндірілді», – деді облыстық прокуратураның басқарма бастығының орынбасары Әділжан Сыздықов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: