Жұма, 17 мамыр, 11:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

Перекисьтің қатерлі ісік тудыратыны рас па?

24.09.2023

406 0

Сутегі асқын тотығын қолдану денсаулықтың нашарлауына және тіпті қатерлі ісіктің дамуына әкелуі мүмкін. Бұл туралы Annals of Emergency Medicine халықаралық медициналық журналында жарияланған зерттеуде айтылды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri life-ке сілтеме жасап.

10 жылдан астам уақыт бойы желіде сутегі асқын тотығы (H2O2) жүрек-қан тамырлары, ми ауруларын, сондай-ақ қатерлі ісік, қант диабеті және тіпті ЖИТС ауруын емдейді деген пікірлер айтылып келді. Барлық авторлар профессор Иван Неумывакиннің зерттеуіне құлақ асты.

Алайда, Американдық ғалымдар сутегі асқын тотығын жоғары дозада қолдану, керісінше, рак клеткаларының өсуіне, инсультке, мүгедектікке және өлімге әкелуі мүмкін екенін анықтады.

Зерттеу 294 пациентті он жылдық бақылауға негізделген. Олардың ішінде 40 қатысушы инсультке шалдықты, 20 адам мүгедектікке ұшырады. Тіпті олардың арасында қайтыс болғандар бар. 

Бұл ретте зерттеушілер сутегі асқын тотығының тек дезинфекциялау кезіндегі пайдасын атап өтті. Препараттың артық дозалануы немесе оны үш миллилитрден астам ішке қолдану өлімге әкелуі мүмкін екенін айтты. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: