Сәрсенбі, 16 қазан, 06:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№82-2092
15.10.2024
PDF мұрағаты

«Pfizer» вакцинасы ІV тоқсанда келеді деп жоспарлануда

12.10.2021

1245 0

Өткен тәулікте өңірімізде коронавирус инфекциясымен 13 жағдай анықталды. Инфекциялық стационарда 219 науқас, реанимациялық төсек-орында 24 науқас ем қабылдап жатыр. Вакцинациялау жұмыстары басталғалы бері облыста вакцинацияның 1 компонентімен 325 759 адам алса, екінші компонентімен – 267 202 адам қамтылды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шайымбетов хабарлады.

«Көпшіліктің «Pfizer» вакцинасы туралы сұрағы көп. Вакцина алдағы айларда келу жоспарлануда. Өзіндік сақтау ережелері бар. Бүгінде дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі 2 тоңазытқыш алып бермек. Ол екпе 12 жастан жоғары және жүкті әйелдерге арналған. Қазіргі таңда белсенді түрде ақпараттық насихаттық жұмыстар жүруде», – деді Ж.Шайымбетов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: