Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Пышақпен қаруланған адам ауруханаға шабуыл жасаған

08.05.2024

581 0

Сурет:stan.kz

Пышақпен қаруланған адам ауруханадағы науқастарға шабуыл жасаған, салдарынан екі адам қаза тапты. 21 адам жарақ алған. Оқиға Қытайда орын алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат хабарлайды. 

Оқиға 6 мамырда сағат 11.37-де Юньнань провинциясының Чжэнсун округінің ауруханаларының бірінде болған. Шабуыл салдарынан екі адам қаза тауып, тағы 21 адам жарақат алды. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жатқызылды. 

Басылымның хабарлауынша, күдікті осы округтің Поззи ауылының тұрғыны болған. Істі тергеу жалғасуда. 

Деректерге сай мұнда бейбіт тұрғындар үшін жеке қару-жарақ ұстау  заңсыз әрекет. Қытай соңғы жылдары қоғамдық орындарда қарулы шабуылдар толқынына тап болуда. Өткен жылы Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясындағы балабақша маңында алты адам қаза тауып, біреуі пышақтан жарақат алған болатын. Осындай оқиға 2020 жылы Гуансидің оңтүстік аймағындағы мектепте болды. Онда 37 бала мен екі ересек адам жарақат алды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: