Сәрсенбі, 17 маусым, 17:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№45 (2257)
16.06.2026
PDF мұрағаты

Елдегі барлық әскери казармаға ЖИ камералар орнатылады

17.06.2026

45 0

Фото: ЖИ көмегімен жасалған

Қазақстан армиясындағы барлық казарма кезең-кезеңімен жасанды интеллекті бар бейнебақылау жүйелерімен жабдықталады. Бұл туралы Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Асқар Мұстабеков мәлімдеді, – деп хабарлайды  kursiv.media

Оның айтуынша, қазіргі уақытта әскери бөлімдердегі қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған кешенді жоспар жүзеге асырылып жатыр.

Жасанды интеллект тәртіпті бақылауға көмектеседі

«Қазір қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кешенді жоспар іске асырылуда. Биылғы жылдың соңына дейін және келесі жылы барлық казармаларды жасанды интеллекті бар бейнебақылау жүйелерімен толық қамтимыз деп ойлаймын. Бұл жүйелер бейнематериалдарға талдау жүргізетін болады», – деді Асқар Мұстабеков.

Министр орынбасарының сөзінше, жаңа технологиялар әскери бөлімдердегі қауіпсіздікті арттырып, түрлі оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Шенеуніктің ұлы шекара қызметінде жүр

Сондай-ақ журналистер Асқар Мұстабековтен ұлының әскерде қызмет етіп жүргенін сұрады.

«Қазір бір ұлым шекара қызметінде әскери борышын өтеп жүр», – деді ол.

Министр орынбасары ұлының әскери қызметке шағымданбайтынын айтады.

«Жоқ, шағымданбайды. Әскери қызметін аяқтағаннан кейін келісімшарт негізінде қызметте қалмақ. Бұл – оның өз шешімі», – деді Асқар Мұстабеков.

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстанда сарбаздарға смартфон пайдалануға рұқсат берілгенін жазған едік. Бұл бұйрық барлық әскери бөлімге қатысты. Алайда смартфондарды рұқсат етілген, шектеуі жоқ орындарда ғана пайдалануға болады. Сонымен қатар жақындарымен байланысу үшін арнайы уақыт белгіленеді. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: