Сәрсенбі, 17 маусым, 20:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№45 (2257)
16.06.2026
PDF мұрағаты

Қазақстан мен Қытай арасындағы білім беру ынтымақтастығының жаңа кезеңі

17.06.2026

60 0

Фото: Қызылорда облысы білім басқармасының баспасөз қызметі

2026 жылғы 17 маусымда Қытай Халық Республикасының Астанасы Бейжің қаласында халықаралық білім беру саласындағы маңызды құжатқа қол қойылды. Чунцин электрондық ғылым және технологиялар кәсіптік университеті, Қызылорда облысының білім басқармасы, Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі және «Чунцин баспасы» жауапкершілігі шектеулі компаниясы арасында төртжақты ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Ресми делегацияны Қызылорда облысының білім басқармасының басшысы Есжанов Асқарбек Темірбекұлы бастап барды. Делегация құрамында Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінің директоры Жүнісов Абайбек Талғатұлы және колледж директорының ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары Сүлеймен Бекзат Сабырұлы болды.

Аталған меморандум Қазақстан мен Қытай арасындағы техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы әріптестікті нығайтуға, халықаралық тәжірибе алмасуға және еңбек нарығына қажетті білікті мамандар даярлауға бағытталған.

Ынтымақтастық аясында:

Оқытушылар мен студенттердің академиялық алмасуы жүзеге асырылады;

Қытайда білім алатын шетелдік студенттерді даярлау жүйесі жетілдіріледі;

Бірлескен оқу-тәжірибелік орталықтар мен мамандандырылған шеберханалар құрылады;

Екі тілдегі оқулықтар мен заманауи цифрлық білім беру ресурстары әзірленеді;

«Қытай тілі + кәсіптік дағдылар» бағдарламасы енгізіледі;

Өндірістік тәжірибе мен түлектерді жұмыспен қамту мүмкіндіктері кеңейтіледі;

Білім беру мен өндірісті ықпалдастыратын халықаралық жобалар іске асырылады.

Сапар бағдарламасы мұнымен шектелмейді. Ертең Қытайдың Чунцин қаласында келіссөздер жалғасып, мәдениет пен білім беру салаларын дамытуға бағытталған бірқатар кездесулер мен іс-шаралар өткізу жоспарланған. Бұл кездесулер екі ел арасындағы гуманитарлық байланыстарды нығайтып, білім беру саласындағы жаңа жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Білім мен тәжірибе тоғысқан бұл бастама – Қызылорда өңірінің білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруге және болашақ білікті мамандарды даярлауға бағытталған маңызды қадам.

Қызылорда облысы білім басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: