Сәрсенбі, 17 маусым, 22:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№45 (2257)
16.06.2026
PDF мұрағаты

Қалалық саябақ қызылордалықтарға қызмет көрсетуде

17.06.2026

56 0

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев қалалық мәдениет және демалыс саябағына барып, жазғы демалыс маусымында тұрғындардың, әсіресе балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін атқарылған жұмыстармен танысты.

Қалалық саябақ қызылордалықтарға қызмет көрсетуде
Қалалық саябақ қызылордалықтарға қызмет көрсетуде
Қалалық саябақ қызылордалықтарға қызмет көрсетуде


Еске салсақ, саябақ өткен жылы 6,3 млрд теңгеге қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілген болатын. Жалпы аумағы 6 гектар нысан құрылысын «Bi Global» ЖШС жүргізді. Қазір мұнда 21 аттракцион келушілерге қызмет көрсетуде.
Саябақты аралап шыққан аймақ басшысы аттракциондардың техникалық жай-күйін, қауіпсіздік талаптарының сақталуын тексерді. Жауапты сала басшыларына келушілердің қауіпсіздігін басты назарда ұстауды, аттракциондарды техникалық тексерістен тұрақты өткізуді, қоғамдық тәртіп пен профилактикалық жұмыстарды күшейтуді, тазалық сақтауды және абаттандыруды тапсырды.


«Ең бастысы – балаларымыздың қауіпсіздігін басты назарда ұстаңыздар. Санитарлық талаптар қатаң сақталуы, айнала таза болуы тиіс. Әрбір аттракционның қасында техника қауіпсіздігіне жауап беретін арнайы
нұсқаушы маманның барлығын жіті қадағалап тұруы өте маңызды. Қызметкерлерге қауіпсіздік ережелері түсіндірілуі қажет. Сондай-ақ тұрғындар арасында да түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу қауіптің алдын алады», – деді аймақ басшысы.

Қалалық саябақ қызылордалықтарға қызмет көрсетуде
Қалалық саябақ қызылордалықтарға қызмет көрсетуде
Қалалық саябақ қызылордалықтарға қызмет көрсетуде
Қалалық саябақ қызылордалықтарға қызмет көрсетуде

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: