Сенбі, 20 сәуiр, 07:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Қазақстандағы бас мемлекеттік санитарлық дәрігер қайта вакцинациялау туралы айтты

04.10.2021

689 0

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов қайта вакцинациялау туралы айтты. Қазинформ ақпарат агенттігіне берген сұхбатында.

Қайта вакциналау жұмыстарының ұйымдастырылуы жайлы Қиясов вакциналаудан кейінгі иммунитеттің ұзақтығы туралы зерттеулердің әлі де жалғасып жатқанын айтты.

“Әлемдік деңгейде КВИ-ға қарсы ревакцинация жүргізуге қатысты ресми ұсынымдар шығарылған жоқ. Бұл ұсынымдар иммунитеттің ұзақтығы туралы жаңа мәліметтер пайда болған соң қолжетімді болуы мүмкін және коронавирустың мутациялық факторларына да байланысты. Осыған байланысты бүгінгі күні ревакцинация жүргізу тәртібін белгілеу мәселесі талқылау сатысында тұр”, – деді ол.

Қайта вакциналау кезінде басқа екпе салдыруға бола ма деген сұраққа бас санитарлық дәрігер мәселе ресми ұсынымдардан кейін шешілетінін айтты.

“Жоғарыда айтып өткенімдей, қазіргі уақытта ревакцинация жүргізу тәртібін белгілеу мәселесі талқылау сатысында тұр. Барлық сұрақтар ревакцинация жүргізу туралы ресми ұсынымдардан кейін анықталады”, – деді ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: