Бейсенбі, 10 қазан, 08:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

Тамақтан уланудың алдын алу

19.03.2021

1647 0

Көктем келісімен бәріміз Наурыз мейрамын асыға күтеміз. Дәстүр бойынша бұл мерекеде дастарқан жайылып,  тағамдардың алуан түрі, наурыз көжеден бастап, балқаймақ, тіске басарлар, кондитерлік өнімдер молынан дайындалады. Алайда, жеке бас гигиенасын ұстанбау, тағамды дайындау, тасымалдау мен сақтау технологияларын бұзу жедел ішек инфекциясы мен тағамнан улану жағдайларына алып келуі әбден мүмкін. Сондықтан Наурыз мейрамында тағамнан уланулардың алдын алу үшін үй жағдайында да, қоғамдық тамақтану орындарында да кейбір ережелерді сақтау қажет:

  • тағамдарды мерекелік үстелге дайындаған кезде оларды сақтау және тұтыну мерзімдерін сақтаңыз. Мерзімі өтіп кеткен жарамсыз өнімдерді еш өкінбестен қоқысқа тастаңыз.
  • шикі және дайын тағамдарды бірге сақтауға жол бермеңіз;
  • әзірленген тағамды бөлме температурасында 2 сағаттан артық уақытқа қалдырмаңыз, тез бұзылатын тамақтарды уақытынан бұрын әзірлемеңіз.
  • ветеринариялық-санитариялық анықтамасы жоқ барлық ауыл шаруашылық жануарларының еті мен өнімдерін, ақауы бар консервілерді, қабығының бүтіндігі бұзылған көкөністер мен жемістерді, қаптамасында мемлекеттік немесе орыс тілінде қажетті ақпараты жоқ өнімдерді пайдаланбаңыз

Мереке күндері көбінесе қоғамдық тамақтану объектілері мен сауда орындары көп мөлшерде кулинарлық, сондай-ақ, кремді кондитерлік өнімдер дайындап, пісіреді. Осыған байланысты тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттардың болуына, оларды сақтау және іске асыру шарттарына назар аудару қажет.

 Сонымен қатар мейрамханалар, кафе және азық-түлік дүкендері басшыларының Наурыз мейрамы күндерінде уланудың алдын алу мәселелеріне көңіл бөлулерін сұраймыз.

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: