Сенбі, 18 мамыр, 10:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада қызылшаға қарсы қосымша иммундау жалғасуда

22.12.2023

536 0

Елімізде қызылша ауруының эпидемиологиялық ахуалын тұрақтандыру мақсатында ҚР Бас мемлекеттік санитариялық-дәрігерінің №7 Қаулысына сәйкес қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау ағымдағы жылдың 06 қарашасынан басталған болатын. Бұл 6-11 айлық сәбилер, 2-5 жас аралығындағы балалар мен медициналық қызметкерлер арасында жүргізілуде. Сондай-ақ вакцинация мәртебесі белгісіз адамдар үшін толықтыра вакцинациялау жүргізіліп жатыр. Бүгінде облыс бойынша аталған контингенттер арасыннан 39027 адам қызылшаға қарсы екпе алды. Бұл иммундау науқаны әлі де жалғасып жатыр. Қызылорда облысында 2023 жылғы 22 желтоқсандағы жағдай бойынша жыл басынан бері қызылша ауруын жұқтырған1356 науқас тіркелді, негізгі бөлігі – балалар (86%).Басым бөлігі- 82% екпе алмағандар. Сондықтан Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті екпе алуға шақырады.

Динара Жанабергенова
Қызылорда облысының СЭБД басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: