Жұма, 19 сәуiр, 23:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада ЖРВИ бойынша эпидахуал тұрақты

20.12.2022

514 0

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті эпидмаусымның басталуына орай жіті респираторлық вирустық инфекциялармен және тұмаумен сырқаттану жағдайына күн сайынғы мониторинг жүргізеді. 2022-2023 жылғы жаңа эпидмаусымда облыс көлемінде жедел респираторлы вирусты инфекцияның 13032 жағдайы тіркеліп, 100 мың халыққа шаққандағы аурушаңдық көрсеткіші 1532,2 құрады. Ауруға шалдыққандардың 65% – 14 жасқа дейінгі балалардың үлесінде. Сонымен қатар жүкті әйелдер арасында ЖРВИ-дің 652 жағдайы есепке алынған. Науқастанғандардың ауруханаға жатқызылу көрсеткіші – 15,2% құрап отыр.
Ағымдағы эпидмаусымынының 40-50 апталарында облыс көлемінде жедел респираторлы вирусты инфекциясының ауыр ағымдағы 1720 науқастың сынамасы тұмау ауруына тексеріліп, нәтижесінде зертханалық жолмен нақтыланған тұмау ауруының 282 жағдайы есепке алынды. Ауруға шалдыққандардың басым көпшілігінен тұмау вирусының В түрі анықталды. Тұмау ауруына шалдыққандардың 54% – 14 жасқа дейінгі балалар үлесінде.
Бұдан бөлек, жедел респираторлы вирусты инфекциясының ауыр ағымындағы 1443 науқастан алынған сынамалар ПЦР әдісімен тексеріліп, нәтижесінде 17 сынамада тұмау емес вирустар анықталды. Атап айтқанда, 70,6% – РС-вирусы, 29,4% – риновирус нақтыланды.
Тұмаудың эпидахуалын тұрақтандыру және ауру деңгейін төмендету мақсатында жыл сайын жергілікті бюджеттен тұмауға қарсы вакцина сатып алынады. Биыл 85000 доза вакцина қоймаға жеткізіліп, 82 мыңнан астам адам екпе салдырды. Бұл вакцинациялауға жататын контингенттің 95,8%-ін құрайды.
Тұмау өзінің асқынуларымен қауіпті және 2 жасқа дейінгі балалар, созылмалы ауруы бар науқастар және қарттар арасында ауыр ағымда өтеді. Сондықтан респираторлық аурулардың бірінші белгілері пайда болған кезде өзін-өзі емдеумен айналыспай, тез арада аймақтық дәрігергерді үйге шақыртып, дер кезінде ем алу қажет.
Тұмау инфекцияларынан қорғанудың тиімді тәсілі – вакцинация. Бұл ауру жұқтырып алу қаупін төмендетеді, ауырып қалған жағдайда оның жеңіл өтуіне және асқынулар мен өлім жағдайларының алдын алуға өз септігін тигізеді.
Бұдан бөлек, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі қарапайым гигиеналық ережелерді орындау қажеттігін, қолды сабындап жууды, вирустық инфекциялардың эпидмауысымы кезінде антисептик қолдану қажеттігін, адам көп жиналатын орындарға баруды мүмкіндігінше шектеу керектігін, қоғамдық көлікке мінгенде, халық көп болатын орындарда маска киюге кеңес береді. Бұл сақтық шаралары ауа тамшылары арқылы таралатын инфекциялық аурулардан қорғайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: