Сейсенбі, 30 сәуiр, 16:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Санитарлық талапты сақтау – денсаулық негізі

11.02.2023

404 0

Денсаулық сақтау саласында әр адам салауатты өмір салтын сақтау мен өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау басты міндет болуға тиіс. Осы мақсатта қаламызда санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру және қоғамдық денсаулықты жақсартуда ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Мәселен, өткен жыл қорытындысы­мен 48 инфекция түрлері тіркелмеген. 2021 жылмен салыстырғанда 7 инфекция көр­сеткіштері азайса, 19 инфекция көр­сеткіштері жоғары сипатқа ие болған. Ал инфекциялық және паразиттік ауру­лар бойынша қала тұрғындары ара­сында жіті ішек инфекцияларының ви­русты гепатит, туберкулез, бруцеллез және Конго-Қырым гемаррагиялық қыз­басының эпидемиологиялық ахуалы тұрақсыз болған. Бұл жөнінде баспасөз орталығында өткен брифингте қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақы­лау басқармасының басшысы Ерлан Ұзақбаев кеңінен тоқталып өтті.

– Өткен жылы жіті ішек инфек­циясының 1684 оқиғасы тіркелді, оның ішінде 1419-ы 14 жасқа дейінгі балалар арасында болып отыр. Былтырғы жыл­дың осы мерзімімен салыстырғанда аурушаңдық көрсеткіштері 2,1 есеге, 14 жасқа дейінгі балалар арасында 1,9 есеге өсіп отыр. Облыстық көрсеткіштен 1,9 есе­ге және республикалық көрсеткіштен 7,4 есеге жоғары. Сонымен қатар облыс бойынша тіркелген аурушаңдықтың 91,6% құрайды. Ал «Кене шағу» диагно­зымен 446 жағдай тіркелді, оның 14 жасқа дейінгі балалары 144 немесе 46,1% құрайды, – деді Ерлан Амантайұлы.

Сонымен қатар жедел вирусты ге­патит А ауруының 8 оқиғасы тіркеліп, ауру оқиғалары орын алған мектептер жоспардан тыс тексерілген. Нәтижесінде эпидемиялық көрсеткіш бойынша 386 бала вирусты гепатит А-ға қарсы екпе­мен қамтылған. Жалпы, қалада ви­русты гепатит А-ға қарсы жоспарлы про­филактикалық екпелермен 12609 бала қамтылған.

Қызылорда қаласында COVID-19 коронавирустық инфекциясының 4216 оқиғасы тіркелген. Аурудың алдын алуда басымды және тиімді шара – вакцинация және ревакцинация. COVID-19 инфек­циясына қарсы қала халқының 87,9% егумен қамтылған.

– Туберкулезбен 204 науқас жаңадан анықталды, оның 168 өкпе туберкулезі. 2021 жылмен салыстырғанда 5,1%, об­лыстық көрсеткіштен  20,9% және респуб­ликалық көрсеткіштен 1,5 есеге жоғары. Барлық тіркелген өкпе туберкулезінің 40,4% жұқпалы түрі. Бүгінгі таңда ту­беркулездің дәріге төзімді түрінің өсу тенденциясы қалыптасуда. Аурушаңдық асқынуымен 2 жағдай тіркелді. Балалар арасында туберкулезге қарсы БЦЖ вак­цинасымен екпелерде 328 баланың ата-аналары түбегейлі егуден бас тартты, бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыс­тырғанда 3,1 есеге жоғары, – дейді Ерлан Ұзақбаев.

Жалпы қалалық СЭБ басқармасы маман­дарымен 2022 жылы 552 тексеру жүргізілген. Жүргізілген ерекше тәртіп бойынша және жоспардан тыс тек­серулер барысында барлығы 324 заң­бұзушылықтар анықталып, жауапты тұл­ғаларға әкімшілік шара көрілген.  Сонымен қатар айыппұлдар салынып, нысандарға бұзушылықты жою туралы ұйғарымдар берілген.

Қазіргі уақытта түрлі инфекциялық аурулардың өршуі санитарлық талап­ты сақтамаған жағдайда да болады. Сон­дықтан әсіресе, қоғамдық орындарда әрбір адам санитарлық номаларды сақтауға өзін міндеттеуі қажет. Бұл – қоғам талабы ғана емес, өзің ден­саулығыңды сақтау үшін әрекет ету.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: