Жұма, 19 сәуiр, 02:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Сақтық шараларын сақтау маңызды

07.10.2021

363 0

Соңғы күндері өңірдегі эпидемиологиялық ахуал біршама тұрақталып келеді. Қызылорда облысы жасыл аймақта. Алайда медицина мамандары әлі де болса сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады.

«Жаһанды жайлаған коронавирус инфекциясының алдын-алудың бірден-бір жолы вакцинация болып табылады. Вакциналау – індеттің алдын алудың басты шарасы. Екпенің тиімділігі, негізінен, ауыр симптомдарды болдырмауға қабілетті екендігімен бағаланады. Ал ұжымдық иммунитет – бұл халықтың көпшілігі белгілі бір вирустан қорғалуы тиіс шекті вакцинациялау деңгейіне жету дегенді білдіреді. Коронавирус инфекциясына қарсы ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін еліміздегі ересек адамдардың кем дегенде 70%-ы вакцинациялануы қажет», – деді Аягөз Айдарханқызы.

«Бүгінгі күні әлем ғалымдары коронавирус індетін жеңудің жалғыз ғана жолы – вакцина салдыру екенін айтып отыр. Екпе қабылдау арқылы кеселді дерттен қорғанатынымыз анық. Вакцина – өзіңізді қорғау арқылы басқа адамдардың денсаулығына қамқорлық жасайтын әрекет. Екпе салдырғаннан кейін де сақтық шараларын ұмытпаған абзал. Ендігі кезекте, әр азамат сақтыққа жауапкершілікпен қараса екен дейміз. Ұжымдық иммунитет қалыптастырсақ бұрынғы күндер қайта оралмақ», – деді №4 қалалық емхананың жалпы тәжірибелі дәрігері Ұлжан Болатова.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: