Жексенбі, 19 мамыр, 19:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39-2049
18.05.2024
PDF мұрағаты

Сыр дәрігерлерi Түркияда тағылымдамадан өтті

07.05.2024

266 0

 Облыс әкiмiнiң қолдауымен, Қазақстан Республикасының Стамбул қаласындағы бас консулы Аманқұл Нуриддиннiң үйлестіруімен осы жылдың 15-27 сәуірі аралығында сырбойылық 10 реаниматолог, 5 кардиолог дәрігер  "Memorial Sisli hastanesi" клиникасында 2 апталық тағылымдамадан өтті.  

Аталған клиника пациенттерге көрсететін медициналық қызметінің ауқымы және сапасы жөнінен Стамбулдағы ең озық мекемелердің бірі деп есептеледі. Деректерге қарағанда, әлемнің 90-нан астам елінің азаматтары осы клиникада емделеді екен. Қызылордалық дәрігерлер бiлiктiлiк арттыру курсын аяқтап, сертификат алды. Мамандар жинаған тәжірибесін тұрғындарға медициналық қызмет көрсету барысында қолданбақ.

Айта кетейік, өңірде денсаулық сақтау  саласының инфрақұрылымын нығайтуда, маман тапшылығы мәселесін шешуде  ауқымды жұмыстар атқарылуда.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                Алыс-жақын шетелдерде біліктілігін арттырған дәрігерлер инновациялық емдеу тәсілдерін облыс медицинасына  енгізуде. Алдағы уақытта жетекші клиника  дәрігерлерінің  шеберлік кластарын ұйымдастыру арқылы  да мамандар шеберлігін шыңдау  жоспарда бар. 

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: