Сенбі, 27 сәуiр, 04:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Тағам таңбасына мән бересіз бе?

23.11.2022

950 0

Тамақ өнімдерін таңбалау – қаптамаға немесе тауардың басқа да көмекші құралдарына салынған мәтін, шартты белгісі немесе сурет. Оның басты қызметі тұтынушыға тауар туралы мәліметтерді жеткізу, сондай-ақ тауарды сәйкестендіру болып табылады. Таңбалау арқылы тұтынушы тауар туралы барлық қажеттілігін біле алады. Ал бірақ таңбаға қаншалықты мән беріліп жүр?

Кедендік одақтың «022/2011 Техникалық регламенті» одақ аумағында еркін айналымға түсетін тамақ өнімдерін таңбалауға қатысты біртұтас, орындауға міндетті болып табылатын талаптар жиынтығы болып табылады. Техникалық регламент өндіруші алдына тағам өнімдерін бұрмаламай, нақты ақпарат келтіре отырып, таңбалау арқылы тұтынушының тамақ өнімдері туралы шынайы ақпарат алу құқығының шектелмеуіне қатысты талап қояды. Тағам өнімдерінің Кедендік одақтың нарығына еркін шығуы үшін техникалық регламенттің таңбалауға қатысты талаптары толықтай орындалуы міндетті.

Тағам өнімін таңбалауда келтірілген ақпараттар тұтынушыға түсінікті болуы керек. Тұтынушыны өнімнің тағамдық қасиеттеріне байланысты шатастырып, теріс түсінік беруге болмайды. Өндіруші көрсеткен сақтау шарттарын орындаған жағдайда, таңбалауда пайдаланылған әдіс таңбалау арқылы келтірілген ақпараттардың тамақ өнімінің жарамдылық мерзімінің соңына дейін сақталуын қамтамасыз етуі керек.

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметімен ағымдағы жылдың 9 айында өнімдердің 1585 сынамасы сараптама жасау үшін сатып алынды. Іріктеп алынған өнімдердің басым көпшілігі, яғни 71,8% тағам өнімдері және 28,1% тамақ емес өнімдер үлесінде. Бұл туралы Қызылорда облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жүргізілген сараптама нәтижесінде өнімнің таңбалануы бойынша 99 сәйкессіздік анықталған. Яғни тұтынушыға ұсынылуы тиіс ақпараттар бекітілген талаптарға сәйкес ресімделмеген. Сәйкессіздіктер анықталған тауарлар туралы толық ақпаратпен http://reestr-np.kz/kaz/ сілтемесіне өту арқылы танысуға болады.

Қызылорда облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті кез келген өнім сатып аларда тауардың таңбалануына, атап айтқанда қаптамасы мен орамының бүтіндігіне, сырты түр-пішінінің бұзылмауына, жарамдылық мерзімінің көрсетілгеніне, мемлекеттік және орыс тілінде ақпараттардың келтірілгендігіне, құрамы мен өндіруші туралы мәліметтің бар екендігіне назар аударуға кеңес береді.

Аслан НҰРАЗҒАЛИ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: