Бейсенбі, 18 сәуiр, 07:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Индустрия игілігі

08.06.2021

1276 0

Тәуелсіздік тұсында Сыр өңірінің индустрия саласы айтарлықтай қарқын алып, ел ахуалының жақсара түсуіне септігін тигізді.

Бағдарлама бастауы

2010 – 2014 жылдары аралығында өңірімізде құны 82 млрд теңгені құрайтын 17 жоба іске асып, 12 өнім шығарылды. Атап айтар болсақ, электр энергия, өңделген газ, химиялық реагенттер, күкірт қышқылы, асфальтбетон, кірпіш, сүт, балық, ас және техникалық тұз өнімдері, мия сығындысы. 2010 жылы «Казгермұнай» біріккен кәсіпорны қуаттылығы жылына 300 млн текше метр газ өңдеу зауытын іске қосты. Бұл өз кезегінде өңдеу өнеркәсібін дамытуға қала кәсіпорындарын арзан бағадағы «көгілдір отынмен» қамтамасыз етіп, шағын және орта бизнестің дамуына ықпал жасады. Сондай-ақ ілеспе газды өңдеу қоршаған ортаның ластануын төмендетуге арқылы өңірдің экологиялық жағдайына оң әсерін тигізді. «Ақшабұлақ» кен орнындағы ілеспе газды толыққанды игеру мақсатында «Кристалл менеджмент» серіктестігінің ірі инновациялық сипаттағы қуаттылығы 87 мВт-тық электр стансасы іске қосылды. Сонымен қатар ірі мұнай компаниялары «Петро Казақстан Құмкөл ресорсиз» АҚ, «Торғай Петролеум» АҚ қуаттылығы 50 мВт-тық газтурбиналық стансаны іске қосып, облыстың энергия тапшылығын төмендетуге айтарлықтай оң әсер етті. Бұдан бөлек «РЗА» АҚ индустрияландыру бағдарламасын дамытуда жүйелі жұмыс жүргізді. Кәсіпорын сүт өнімдерін «Дәмді» сауда маркасымен экспорттауда.

Келесі бес жылдығы қалай болды?

Бағдарламаның екінші бес жылдығы аясында құны 67 млрд теңгені құрайтын 9 жоба іске қосылып, өнеркәсіп бағыты 4 жаңа өніммен толық­ты­рылды. Оның ішінде кірпіштің жаңа түрлері, темір бетон бұйымдары, әк және цемент өнім­дері бар екенін айта кеткен абзал. Өңдеу өнеркәсібі саласында табысты жұмыс жасап тұр­ған, тұз нарығында 90 жылдан астам еңбек тәжірибесі бар «Арал тұз» акцио­нерлік қоғамы, Индустрияландыру бағ­дарламасы ая­сында компания тұз өн­діретін екі испан цехын іске қосты. Бұл өз кезегінде еңбек өнімділігін екі есеге арттыруға, 1200-ден астам адамды тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік берді. Өндірілген өнім мен сатылған өнім көлемі 3 есеге артып, экспорттық өнім үлесі 75 процентті құрады. Осыған байланысты компания биылғы жылы қуаттылығы жылына 180 мың тонна құрайтын тұз өндіретін ІІІ испан цехын іске қосуды жоспарлауда.

Облыстағы құрылыс индустриясы са­ласында экспортқа бағытталған, бәсекеге қабілетті, цемент шығаратын алғашқы кәсіпорындардың бірі – «Компания Гежуба Шиелі цемент» ЖШС. Жылдық қуаттылығы 1 млн тонна болатын тампонажды цемент зауыты 6 түрлі өнім шығарып, іске қосылғаннан бері 915,8 мың тонна өнім өндіріп, оның 254,8 мың тоннасын экспортқа шығарды.

Сыр өңірінде бағдарламаның бірінші және екінші бесжылдықтары аясында құны 150 млрд теңгені құрайтын 26 жоба жүзеге асырылып, 1,7 мың жұмыс орны ашылды. Осы жылдың қаңтар-наурыз айларында іске қосылған жоба­лар бойынша 10,4 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Бұл өткен жылдың осы кезеңі­мен салыстырғанда 32,3 процентке өскенін аңғартады.

Индустрияландыру бағдарламасы­ның үшінші бесжылдығында құны 543 млрд теңгені құрайтын, іске қосылғанда 7,4 мың адамды жұмыспен қамтитын 41 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде «Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау» картасында – құны 172,3 млрд теңгені құрайтын іске қосылғанда 4,9 мың адамды жұмыспен қамтитын 38 жоба және республикалық картасында – құны 370,6 млрд теңгені құрайтын, іске қосылғанда 2 мың адамды жұмыспен қамтитын 3 жоба.

Арал ауданында бес жоба іске қосылды

Бағдарлама аясында Арал ауданын­да өткен жылы құны 1,9 млрд теңгені құрайтын 5 жоба іске қосылды. Оның бірі – «Сервистік-дайындау орта­лығы» жауапкершілігі шек­теулі се­ріктес­тігінің «Тауарлы ба­лықты өсіру және өңдеу кешені. Бү­гінгі күні 100 тоннадан аса балық өні­мі Ресейге экспортталды.  Екінші – «Қазақстан Аквакультура ЛТД» жауап­кершілігі шектеулі серіктестігінің «Ба­лықты тереңінен қайта өңдеу зауыты мен пластикалық қайық жасау цехын салу» жобасы өткен жылдың желтоқсан айында іске қосылды. Үшінші – «Dana Quartz» жауапкершілігі шектеулі серік­тестігінің «Арал ауданындағы кварц құмын байыту бойынша тау-кен байыту комбинатының бірінші желісі» жобасы өткен жылы желтоқсан айында жұмысын бастады. Төртінші – «АгрохимСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Аммоний-сульфатын түйіршіктеуді ұйымдастыру» жобасы аясында іске қосылған болатын. Бесінші – «Мелиоратор» жауапкершілігі шектеу­лі серіктестігі «Гиперпрестеу арқылы тро­туарлық плитка, бордюр, лего кірпіш өндіру» жобасы өз жұмысын бастады.                              

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: