Жексенбі, 22 желтоқсан, 21:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

АҚШ базасына шаубыл жасады

10.03.2021

1365 0

Америка мен Иран қолдау көрсетіп отырған қарулы топтар арасындағы шиеленіс артып отырған тұста Ирактағы АҚШ-тың әскери базасына ракеталық шабуыл жасалды.

Барлық әскерилер аман қалғанымен бір азаматтық мердігер жүрек ұстамасынан көз жұмған. Пентагонның баспасөз хатшысы Джон Кирби Аль-Асадтағы базада әскери адамдардың шығыны болмағанын айтты. Өз кезегінде ирандық жасақтарды қолдап отырған Ирактағы Sabreen ақпараттық агенттігі оқиға орнынан суреттер мен алғашқы хабарландыру жазбаларын жариялады. Оқиғаға байланысты The Wall Street Journal газетінің Дубайдағы тілшісі Джаред Малсин мен Бағдадтағы тілші Гассан Аднан «Иранмен арадағы қатынастың шиелінісу тұсында АҚШ-тың Ирактағы әскери базасына ракеталық шабуыл жасалды» атты мақала жариялады.

Байден оқиғаның анық-қанығын оның әкімшілігі тексеріп жатқанын хабарлады. «Ешкім көз жұмбады. Тек бір мердігер ғана жасырынатын орын іздеп жүргенде жүрегі ұстап қайтыс болды. Оның өліміне кімнің қатысы бар екенін анықтаймыз» деді АҚШ президенті.

Тілшілер бұл оқиғаны бір апта бұрынғы АҚШ-тың ирактық құрамдас Иранға жасаған әуе шабуылына қайтарылған жауап болуы мүмкін деп жазады.

Жақында Иран Еуро Одақтың ұсынған келіссөздерінен бас тартқан еді. Жалпы бұл келіссөздер кезінде АҚШ пен Иран келісімге келіп, Иран ядролық қызметін шектеп, ал АҚШ санкцияны азайту қажет болатын. Жалпы бұл шабуылдар Байденнің әкімшілігінің ядролық бағдарлама туралы Тегеранмен орнатқысы келіп жатқан келіссөздеріне кері әсер етеді деп жазады тілшілер. Десе де Байден ирандық үкіметпен ядролық қызметті шектеуге байланысты келісімге келуден әлі үмітін үзбеген.

Бұл шабуыл папа Францисктің Иракқа мұсылмандар мен христиан діні өкілдерімен достық қарым-қатынас орнату үшін келетін сапарынан екі күн бұрын болған. Яғни тілшілер ирандық жасақтар бұл келісімге де қарсы болуы мүмкін деп болжайды.

Пентагонның баспасөз хатшысы шабуылдың басты себебі мен салдары әлі де зерттеліп жатқанын хабарлаған. Ал Ирактың қауіпсіздік өкілі шабуыл Аль-Асадтағы базаға жақын жердегі ауылдан жасалғанын хабарлаған. Қауіпсіздік комитеті де зымыранды ұшыру үшін пайдаланылған жүк көлігінің суретін жариялады.

Жалпы 2020 жылдың қаңтарында АҚШ әуе соққысын жасап, Иранның генерал-майоры Касем Сулейманидың өлгені белгілі. Сол уақытта да Аль-Асадтағы база әскери жасақ нысанасына айналып, Сулеймани үшін жауап алатындарын айтқан. Д.Малсин мен Г.Аднан бұл оқиға сол кек алу немесе өткен аптада Сирияға жасалған АҚШ-тың әуе соққысына жауап болуы әбден мүмкін деп болжайды.

Түпнұсқадан аударып, шолу жасаған

Аслан НҰРАЗҒАЛИ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: